Қазақстанда коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу қажет. “Сүт жобасы” ұжымы да осы іске өз үлесін қосқысы келеді. Сондықтан барлық әріптестер қашықтықтан жұмыс істейді. Біз сондай-ақ жоспарланған пилоттық фермаларға баруды белгісіз мерзімге кейінге қалдыруды шештік.

Коронавирус, бәлкім, біздің жұмысымызды біраз уақытқа кешіктіреді. Неміс сарапшылары адамдардың 60-70% вирусты жұқтырып алуы мүмкін деп санайды. Олардың көпшілігінде тек жеңіл суық тию белгілері болады немесе ешқандай симптомдар болмайды.

Мал шаруашылығындағы кәсіпорындар жұмысшылар болмай қалған  жағдайда малға қалай қарау әрекетін алдын ала қарастыруы керек. Осы уақытқа дейін ауылшаруашық жануарлары атиптік пневмонияны (SARS-CoV-2) жұқтырып алу мүмкіндігі дәлелденбеген.

Алайда, барлық сарапшылардың айтуынша, адамдарды бір-бірінен оқшаулау күдікті жағдайларда да және адамдармен қарым-қатынаста болған кезде де бірінші кезектегі міндет болып табылады. Барлық мекемелер вирус жұқтыру жағдайында тиісті ұйымдастыру шараларын қабылдауға және төтенше жағдайларда арнайы іс-қимыл жоспарын жасауға тиіс. Барлық қызметкерлер өздерінің жеке байланыстарын шектеуі керек.

Жалпы гигиена ережелерін сақтаған жағдайда сиыр қорасында немесе сиыр сауу залында малды вирустан қорғау үшін арнайы дезинфекциялық іс-шаралар талап етілмейді.

Коронавирус негізінен адамнан адамға ауалы-тамшылы жолмен, әсіресе тыныс алу жолдары арқылы тарайды. Сондай-ақ ауыздың немесе мұрынның шырышты қабығына және көздің конъюнктивасына қол тигенде жұқтыру мүмкін.

Сондықтан қолды мұқият жуу аса маңызды.

Сурет: top agrar