Негізгі азық көбірек — концентраттар аз
Негізгі азықтың жоғары өнімділігі экономикалық тұрғыдан тиімді, ал жоғары сапалы азықты сатып алу жоғары шығын талап етеді. Біздің бағалауымыз бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде негізгі азықтың өнімділігі 4.000 кг-нан астам болуы мүмкін.
- Өнімділігі жоғары негізгі азық тұтынатын сиырдың сүт өнімділігі жоғары болады.
- Негізгі азық өнімділігі 5000 кг-нан асатын ECM бар шаруашылықтар бір кг сүтке тек 247 г концентрат қажет етеді, ал өнімділігі төмен шаруашылықтарға 388 г концентрат қажет.
- Негізгі азықты көп тұтыну месқарынның қалыпты жұмысын, демек сиырлардың саулығын қамтамасыз етеді.
Негізгі жемнің жоғары өнімділігіне жетуге байланысты кеңестер:
- Барлық оңай қорытылатын сүрлемдер үшін шабу мерзімі ғана емес, сонымен қатар құрғақ заттың мөлшеріне сәйкес келетін ұсақтау/тұрау ұзындығын реттеу маңызды.
- Сүрлем қоспалары азықтың сапасын жақсартпайды, бірақ ашыту процесіне оң әсер етеді және сүрлемнің тұрақтылығына ықпал етеді.
- Жануарларға жылы немесе көгерген сүрлем бермеңіздер! Мұндай азық партияларын тезек үйіндісіне тастау керек!
- Сиырлар күніне кемінде 22 сағат азықтана алуы керек. Сондықтан әр екі сағат сайын азықты итермелеп тұру қажет.
- Азықты теріп жеудің алдын алу керек, әйтпесе месқарындағы ферментация бұзылыстары мен месқарын ацидозы болуы қаупі артады.
- Азық араластырғыш пен астаудағы жем қалдықтарын үнемі алып тастау керек. Сондай-ақ, азық араластырғыштың пышақтарының тозғандығын үнемі тексеріп отыру керек.
- Сумен жеткілікті қамтамасыз ету үшін ұзындығы әр жануарға шаққанда кемінде 10 см -дан келетін ақаусыз төңкеріліп босатылатын науа болуы қажет.
Қосымша кеңестер алу үшін KFM жобасының «Сауын сиырлардың азық тұтынуын арттыру бойынша 10 кеңес» атты жаднаманы қараңыздар.
Уве Веддиге
Фото: Азықты үнемі итермелем тұрса, сиырлар негізгі азықты көбірек тұтынады және сол арқылы қоректік заттармен жеткілікті қамтамасыз етіледі. © KFM