Бұзаулар суық күндері: Nesting-Score -төсеншенің тереңдігінің көрсеткіші
Бұзаулардың салмағына қарағанда дене беті көлемі басымырақ. Егер қоршаған орта суық және ылғалды болса, мысалы, сабан төселмеген иглуста, дене температурасын ұстап тұру үшін бұзауға көп энергия қажет болады. Өсуге керек энергия бұндай суықта жеткіліксіз болып қалады.
«Бұзаулар тұғанда, олардың днесеінде май аз болады, бірақ ағзадағы май иммундық жүйе үшін маңызды және дене температурасын ұстап тұруға көмектеседі», — деп түсіндіреді Уве Веддиге. Қыста бұзаулар суықтан күйзеліске ұшырайды.
Сондықтан сабан төсеп тұру арасындағы аралықты сақтау өте маңызды.
Айнагүл Аяғанованың тәжірибесіне сәйкес, төсеніш тереңдігі 3 балл болатын фермаларда бұзаулардың тыныс алу органдарының аурулары әлдеқайда аз кездеседі, өйткені жануарлар дене температурасын ұстап тұру үшін май қорларын кетірмейді. Сондықтан олар иммундық жүйені күшейтуге жұмсалады. Ол төсеніштің көлемі мен сапасының үш деңгейін түсіндіреді: 1 баллдық «Nesting-Score» болса, бұзаудың аяқтары сабанда толығымен көрінеді, 2 балл болса, олар жартылай көрінеді, ал 3 баллдық төсеніштен аяқтары мүлдем көрінбейді».
Алайда, төсеніштің үстіне көп сабан салу жеткіліксіз,»сүт мөлшері мен сүт алмастырғыштың концентрациясы да қысқы температураға бейімделуі керек» дейді KFM жобасының жетекшісі. Ауа температурасы 5°C төмен болса, қаймағы алынбаған сүттің көлемін 20% көбейту керек, сүт алмастырғыш үшін әдетте концентрацияны бір литріне 20 г арттыру жеткілікті. Өндірушінің нұсқауларын орындау өте маңызды.
Уве Веддиге