Консалтинг & оқыту
Семинарлар мен іс-шаралар
Шаруашылықтар деңгейіндегі және консалтинг саласындағы тікелей мақсатты топтардан басқа, қазіргі заманғы және тұрақты мал шаруашылығы мен сүт өндірісі туралы ауылшаруашылық құрылымдарының кең ауқымына тиісті ақпарат ұсыну жоспарлануда. Бұл семинар түрінде өткізілуі мүмкін, оны “Aтамекен” кәсіпкерлер палатасының оқыту бағдарламасы аясында өткізуге болады. Сонымен қатар, шаруашылықтарды біріктіріп оқыту бойынша Неміс ауылшаруашылық орталығымен тығыз жұмыс жасау керек.
Консалтинг
Шаруашылықтар деңгейінде кеңес беру тұжырымдаманың өзегі мамандарды өндірістен қол үзбей қарқынды ұзақ мерзімді оқыту (коучинг) арқылы жүзеге асырылады. Бұл шаруашылықтар мамандары үшін де, кеңес беру мамандары үшін де практикалық жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Жұмыстағы оқыту мен білім беруден басқа қосымша шараларды (мысалы, тәжірибе алмасу, ақпараттық сапарлар) анықтау керек.
Институционалды деңгейде өндірістік консалтинг (ең алдымен «Мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы» ) және Аграрлық несие корпорациясының қаржылық консалтинг саласының мамандары кәсіби кеңес беру және инвестицияларды бағалау саласындағы маман дағдыларын нығайту мақсатында жобалық шараларға қатысады.
Демонстрациялық күн
Жыл сайынғы демонстрациялық күндер (мысалы, сиыр қораларын көрсету немесе жем дақылдарын өсіру бойынша дала күндері), мүмкін болса Неміс ауылшаруашылық орталығымен бірігіп өткізіледі.
Германияда біліктілікті арттыру
Жылына 2 мамандандырылған ақпараттық сапар (шамамен 1 апта) пилоттық шаруашылықтар мен серіктес институттардың 10-ға жуық қазақстандық мамандары мен басшылары үшін ұйымдастырылады.