Бұрын тұяқ кесу процесі жылына бір рет ферма басшысының бақылауымен, оның қатысумен өтіп тұратын, ал бүгінде тұяқ кесу кезінде көбінесе жұмысшылар ғана болады. Осылайша, тұяқ кесушілер мен басшылық арасында тікелей ақпарат алмасу болмайды. Сондықтан, жарамсыз деп тану тұралы шешімдер мысалы, ақсақтыққа байланысты, көбінесе негізсіз қабылданады.
Алдын алу және емдеу – малыңыздың ақсап қалмауының негізгі екі әдісі:
- Тиімді алдын алу дегеніміз тұяқтарды үнемі күтіп ұстау, тұяқ ванналарының бар болуын, ақсақтықты жүйелі түрде бақылау, сондай-ақ жануарлардың қажеттіліктеріне сәйкес ұстау жағдайларын қамтиды. Ол үшін жататын жерлері ыңғайлы, жүретін жерлері қауіпсіз және тайғақ емес болғанын, күйзеліс тұдармайтын жағдай жасалуын, берілетін рацион дұрыс құрастырылғандығын қадағалап, табындағы әлеуметтік стрессті азайту керек.
- Тұяқ күтімімен тікелей айналысатын адамдардың жағдайы жиі назардан тыс қалады. Олардың жұмыс жағдайлары, физикалық белсенділігі және жануарлардың мінез-құлқын түсіну маңызды рөл атқарады. Қауіпсіз және лайықты жағдайда жұмыс істейтін жақсы дайындалған тұяқшылар ғана өз міндеттерін мұқият және жануарлардың игілігі үшін орындай алады.
Сондықтан қазіргі заманғы тұяқ күтімі жан-жақты болуы керек. Басқару мен техникадан басқа, жануар, адам және қоршаған орта арасындағы өзара үйлесімділігі маңызды. Барлық мүдделі тараптардың — шаруашылық басшыларының, қызметкерлердің, тұяқ кесуші мамандардың ашық қарым — қатынасы мен ынтымақтастығы тұяқ проблемалары мен ақсақтықты азайту үшін өте маңызды.
Дереккөз: Innovationsteam Hessen, қысқартқан Веддиге
Фото: Тұяқ кесушілер жұмысын ұқыпты жасауы керек © KFM