Сүтті сиырларды азықтандыру күннен күнге қымбатқа түсіп келеді. Концентрацияланған азықтың қымбат компоненттерінен басқа, шығындардың өсуінің басты факторы — негізгі азық.
Бұл азық қалдықтарына экономикалық тұрғыдан қарауға маңызды себеп болып келеді. Сонымен қатар сиырларды жоғары сапалы тұрақты рационмен қамтамасыз етіп тәулік бойы азықтандыру керек. Азық тәулік бойы алдында болса және сүт өнімділігі жоғарырақ болса, азық қалдықтары көп болады. Бірақ қалдықтар көлемі қандай болғаны дұрыс?
Күнделікті жем тұтынудың ауытқуына байланысты 3-тен 7% — ға дейін артық жем кез келген жағдайда қалады. Азық қалдықтарының мөлшері мен азықтың теріп желінген жағдайларын апта сайын жазып отыру керек.
Азық қалдықтарын азайтуға арналған 8 кеңес:
- Негізгі азықтың сапасы жоғары болуы — бұл міндетті шарт! Азық сапасы төмен және азық қалдықтары аз болғанда, сиырлар сапасы нашар азықты тым көп жейді.
- Іріктеп алуға болмайтын біртекті рационды күн сайын бір уақытта беріп тұру керек. Тексерілген әдіс — жемді кешкі сауудан бір сағат бұрын беру. Осылайша, сиырлардың барлығы дерлік сауулар алдында жақсы азықтанып, кейін күту аймағында тоқ болып тұрады.
- Әр сағат сайын жемді итеріп, қажет болған жағдайда ертерек беру маңызды. Азықты кешіктіріп берсе, құрғақ затты тұтыну мөлшері тез арада 1 кг қысқаруы мүмкін.
- Жануарлар мен азықтану орындарының арақатынасы 1:1 болған кезде, әдетте, азық қалдықтары 3% болуы мүмкін.
- Сиырлар әрқашан тоқ болуы және ыңғайлы күйде жатуы керек.
- Сиырлар мен азықтандыру процесін үнемі бақылау керек! Жаңа туылған сиырларды күтуге, азық тұтынуына, азық қалдықтарына, сұрыптауға, құрғақ заттың құрамына, нәжіске және т. б. ерекше назар аудару керек.
- Аз мөлшердегі жем қалдықтары мен жаңадан араластырылған TMR үйлесімі барлық сиырларды жаңа жем таратылған кезінде жем үстеліне тартады. Саулғаннан кейін де сиырлардың барлығы дерлік қайта азыққа ұмтылады.
- Егер азық таңертең емес, күндіз берілсе, күндіз азықпен қамтамасыз етуді жақсырақ бақылауға болады, өздігінен азықтандыруға болады және түнде азықты итеріп тұрудың қажеті жоқ болады.
Уве Веддиге
Фото: Бұл жерде мүмкіндігінше тезірек азық беру керек! © KFM!