Көптеген сүт өндірушілер менен таптырмайтын және қымбат деп сатылатын арнайы азық қоспаларының тиімділігі туралы сұрайды, олардың әсері мұқият тексерілгенде көбінесе күмән тұдарады.
Жақында біз кеңес беретін клиенттеріміздің бірінің фермасында табындағы ацидоз проблемасына қатысты қызу пікірталас болды. Қатысқан бір сауда өкілінің айтуынша, сиырларды сауықтыру үшін оның “ұнтағының” аз ақ мөлшері де жеткілікті болады. Бұл жағдайда TMR-ді өзгертудің қажеті жоқ делінген, сол рационның дұрыс емес екендігі біз үшін күмәнсіз болғанның өзінде де. Бұған сену қиын!
Біздің консультацияларымыздың мақсаты-ферма басшылары өздерінің малы мен рациондарының жай-күйінің нақты білуі. Сүттің құрамы мен оның мөлшері, сондай-ақ қоректік заттар мен минералдардың құрамымен бірге құрғақ затты тұтыну туралы сенімді мәліметтер қолында бар фермерлер ғана жақсы негізделген шешім қабылдай алады. Сол арқылы арзан және сапалы рационға жету жеңіл болады.
Және ұмытпаңыздар:
- 10 теңге / 2 евроцент жем-шөп шығындары жылына 100 сиырға 10 миллион теңгеден / 20 000 еуродан асады. Сондықтан өнімдердің қажеттілігін үнемі тексеріп отыру керек.
- Жақсы нәтиженің себебін білсеңіз ғана оған қайта жетуге болады. Кездейсоқ өзінен-өзі шешілген мәселе келесі жолы сіздерді табысқа жеткізбейді.
Тек азықтандыруды жақсы бақылау арқылы сіз дұрыс әрекет жасап азықтандыру процессіндегі проблемаларды шеше аласыз. Көбірек білгілеріңіз келе ме? Бізге хабарласыңыздар.
Айнагүл Аяғанова &Уве Веддиге
Foto: KFM