Жайылымдағы сиырлардың тұяқтары әр қадам сайын қажалады, ал жұмсақ жерде жұргенде тұяққа салмақ азырақ тұседі. Екінші жағынан, қорада ұстаған ірі қара мал қатты жерде жүреді. Жануарлар қатты бетон ұстімен жүргенде алдымен майтабанға басып, содан кейін сыртқы тұяққа, одан кейін ішкі тұяққа басып жүреді. Қатты жерде тұяқ жерге батып кете алмайды. «Тұяқтың ұшы қажалмай, ұзара береді, әсіресе артқы сыртқы тұяқтар шамадан тыс ынталандырылған сайын өсе береді», — деп түсіндіреді Хольгер Пловка.
Германиядан келген тұяқ кесу бойынша маман қазіргі уақытта Байсерке-Агро фермасында KFM жобасы аясында мастер-тренерлерді оқытып жүр. 5 күндік оқу курсын аяқтағаннан кейін қатысушылар өздерінің күткен сертификаттарын ала алады.
«Тұяқ проблемаларын мен көбінесе малдың тұрып-жататын жері нашар фермаларда көремін», — дейді неміс сарапшысы өз тәжірибесінен. Егер сиырлардың тұрып қайта жатуына орын аз болса немесе сол орыны қатты, ылғалды және лас болса, онда жануарлар көп уақыт бойы тұрып қалады». «Тұру – тұяққа у сияқты әсер етеді», — дейді Пловка,»көң қырғыш тым ұзақ үзіліс жасайтындықтан, жүретін жерлері лас және ылғалды болғандықтан да тұяқтарға зақым келеді».
Тұяқтарды өңдеу бойынша оқытуға сұраныс жоғары. Әрбір қатысушының тәжірибелі тұяқ кесу маманының қадағалауымен жұмыс істеуге жеткілікті уақыты бар. KFM ұжымы осы жазда тағы да басқа оқу курстарын ұсынуды жалғастырады.
Уве Веддиге
Фото: KFM