Залда шамамен 2500 және тікелей эфирде 1000-нан астам көрермен керемет сәтті аукционды бақылап отырды, 51 жануар аукционда орташа бағасы 8984 еуроға сатылды.
Залдағы алғашқы лепті үндер катологтың 11 нөмірлі жұлдызы шыққында естілді, ол төлдгеннен кейін де керемет экстерьерімен таң қалдырды. Максималды бағасы 12000 еуроға сатылып, ол жергілікті асыл тұқымды шаруашылықта қалатын болды.
«Sky High» — SYNETICS Sega p RDC бұқасынан шыққан бұл бұзаудың атының өзі бәрін айтып тұр! Жалпы асыл тұқымдық құндылығы 162, мүйізсіз және қызыл факторымен ол 26 700 еуро сомасында эмбриондар бойынша келісімшарттар әкелді. Қарқынды сауда-саттықтан кейін Нидерландыдан келген сатып алушы оны 52000 еуроға сатып алды.
61000 еуроға Gentry есімді SYNETICS бұқасының қызы сатылды. Дүние жүзіндегі көптеген асыл тұқымдық көрсеткіштердің жүйелеріндегі астрономиялық сандарды ескерсек, бұл таңқаларлық емес.
Геномдық жағынан «ең биіктегі жұлдыздар » тобындағы үшінші — SYNETICS бұқаның қызы Vox Tonka. Feit Red P қызы, жалпы асыл тұқымды құндылығы 161 және керемет экстерьері 148 балл, иелерінің көз алдында неміс селекционерлер қауымдастығына 31 000 еуроға сатылды.
Аукционшы Майкл Хелльвинкель сапалы бірегей топтама өте жақсы қабылданғанын, сондай-ақ жас көрермендердердің көп болғанын және жаңа сатып алушылар осы кешті ерекше еткенін атап өтті.
Мастерринд, мәтінін қысқартқан Уве Веддиге
Фото: Мастерринд