Рационды дұрыс есептеу тек жемшөп үлгісін зерттеу нәтижелері негізінде мүмкін. Бұл зерттеу арқылы жемшөпті қалай жақсы пайдалану және толықтыру керектігін анықтауға болады. Алайда, жемшөптің сынамасын сүрлем процесі аяқталғаннаң кейін алу керек. Ол үшін кем дегенде 6 апта қажет.
Сүрлеу процесі аяқталғаннан кейін мүмкіндігінше ерте алынған сынаманы зерттеу нәтижесінде қолда бар жемнің сапасы туралы нақты мәлімет алуға мүмкін болады. Уақытылы сынама алынбаса, тұра жылы мезгіл кезінде басқа жемшөптің болмауына байланысты ашытқы мөлшері жоғары немесе қайта жылыну қаупі жоғары жемшөп партиялары малға беріліп кетуі мүмкін.
Сондықтан зерттеуге сынаманы алу барынша мұқият болуды талап етеді және басшының жеке бақылауында болуы керек. Бұл туралы толығырақ KFM жобасының «Жемшөп сынамаларын алу» жадынамсынан білуге болады.
Тәжірибелі сүт өндірушілер мен кеңесшілер рационды есептеу үшін зерттеу нәтижелерін пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар оларды ішкі сапаны бақылау үшін талдайды. Осы жолмен өсімдік қорлары, өндіріс, оны жинау және сүрлем жасау әдістері туралы қорытынды жасауға болады — өткен жылы жемшөп өсіру оңтайлы болды немесе қай салаларды әлі де жақсарту керек екендігі тұралы.
Уве Веддиге
Фото: KFM