Ауа сапасы нашар сиыр қоралары бәрімізге таныс. Жазда қора қабырғалары мен төбедегі саңылаулардың ені әрдайым толық ауа алмасу үшін жеткіліксіз. Көптеген сиырлар тұншығып, жемшөп жеуді азайтады, мастит күн сайын артады. Мәселенің шешімі көбінесі аспалы желдеткіштерді орнатумен шектеледі. Бірақ үлкен көлемдегі ауа ағынын айдап тұру энергияны, демек ақшаны қажет етеді.
Егер сіз қыста осындай қораларға кірсеңіз, онда жағдай аса жақсармаған: барлық саңылаулар жабық, өйткені сиыр қора салу технологиясы — көбінесе жаңадан салынған нысандарда да — нөлден төмен температураға арналмаған. Нәтижесінде ауа су буымен және аммиакқа толы, ал сиры жататын орынның үсті дымқыл. Жануарлардың дымқыл және лас жүні көп нәрсені білдіреді.
Дегенмен, табысты сүт өндірушілер сиыр қорасындағы климаттың сиырлардың әл-ауқатына қаншалықты әсер ететінін біледі. Мильххоф Реесум/ Milchhof Reesum атты сүт фермасынан Фрэнк Кордес бұл туралы былай дейді: «Жануарлардың жақсы жағдайы — бұл стресстің болмауы». Бұл оның күнделікті 770 сиырының әрқайсысының қажеттіліктерін қамтамасыз етуін өзінің күнделікті жұмысы деп санайтындығының тағы бір себебі.
Өндіруші https://www.allsmart-vet.com/?lng=en жеке ауа шлангтары арқылы ауа сапасы жақсартылады деп үміттендіреді. Олар жазда сиыр қорасында және жануарлардың айналасындағы жоғары сезімталдық аймағында салқын болатындай етіп жоспарланған. Егер сырттағы ауа салқын болса, онда сыртқы ауа жануарларға бақылаусыз өтпейді.
Енді таза ауаның қажетті мөлшері жануарларға біркелкі тарайды, азынақсыз. Дегенмен, бұл үлкен қиманы, дәл есептеулерді және жақсы желдеткішті басқару элементтерін қажет етеді.
Фрэнк Кордес қорадағы жануарларды ұстау жағдайлары жақсаратынына және жаңа желдету жүйесіне инвестиция өз жемісін беретініне сенімді.
Уве Веддиге
Фото: KFM