KFM ұжымының тұжырымына сәйкес, мастит тұяқ ауруларымен және олардың салдарынан болатын  репродкутивтік проблемаларымен қатар сүт өндіруде ең көп экономикалық шығын келтіреді.

Субклиникалық мастит салдарынан болатын шығын бір лактация кезінде бір сиыр басына шақанда 99 000 теңге деп бағаланады, жедел мастит тіпті 198 000 теңге шығынға апарады. Лактацияның басында маститке оның салдарынан пайда болатын метрит қосылады. Олар микробтардың таралуынан және иммундық жүйеге шамадан тыс салмақ түскенінен туындайды. Нәтижесінде көбінесе сервис кезеңі ұзағырақ болады. Осының салдарынан кетоз да пайда болады, өйткені температураның көтерілуінен, эндогендік токсиндер мен ауырсынудан жемшөп аз желінеді және қажетті энергия жеткіліксіз болады.

KFM кеңестері:

  • Антибиотиктерді қолдануды және шығындарды азайтыңыз.
  • Жануарлар мен сиырлардың гигиенасын, әсіресе сиырлар жататын жердегі тазалықты тексеріңіз.
  • Сарапшылармен кеңесіп суалтуға арналған дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданыңыз.
  • Созылмалы ауру жануарларды үнемі дезинфекциялаңыз.
  • Сауу процесін оңтайландырыңыз, сауу машинасының жұмысын және тазалануын тексеріңіз.
  • Жоғары сапалы жемшөп компоненттеріне, энергиямен және ақуызбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ минералдар қосылған жемшөп беруге назар аударыңыз.

Бұл тақырып туралы толығырақ KFM жадынамаларынан оқыңыздар: “Желін денсаулығын бақылау тізімі”, “Сиырларды суалту”, “Суалту препараттарын дұрыс қолдану”, “Сауу қондырғыларын тазарту”, “Емізік резеңке таспаларын ауыстыру” және “Сауу қондырғысын күтіп тексеру парағы”.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге