Дұрыс қолданбаса, ешбір дәрі қажетті нәтиже бермейді. Фермерлер немесе ззотехниктар көбінесе сиырларды емдеуді өз мойнына алады. Алайда, бұл үшін терең арнайы білім қажет.

Біздің кеңес беру тәжірибемізге сүйене отырып, біз келесі кеңестерді ұсынамыз:

  • Қажетті әсерге кедергі келтірмеу үшін емдеу процедурасын препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіңіз. Дозаны және қолдану әдісін білу үшін препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты алдын ала оқып шығыңыз!
  • Инъекцияны тиісті жерге салыңыз! Мойындағы инъекцияға арналған үшбұрыш жамбастан емес, иықтан бір-екі алақанның енінде!
  • Тазалықты қадағалаңыз! Инъекция нәтижесінде абсцесс пайда болуының көбінесе себебі – гигиенаның нашарлығы!
  • Өзіңіз және жануарлар үшін емдеу шарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз! Сиырлар процедуралық станокта немесе жемшөп торында ұсталынуы керек!
  • Әр процедурадан кейін инені ауыстырып, шприцтер мен инелерді құрғақ және таза ғып ұстаңыз!
  • Дәрі-дәрмектерді жарықтан қорғаңыз. Препараттарды құрғақ, таза және салқын жерде және қажет болса тоңазытқышта сақтаңыз!

Әр түрлі процедуралар үшін нақты кесте құрған жөн. Бұл сізге қажетсіз қателіктерден аулақ болуға және күткен нәтижеге жетуге көмектеседі.

Сондай-ақ, KFM жобсаының “Инъекция салу туралы жадынамасын” оқыңыз.

Уве Веддиге

Фотo: KFM