KFM ұжымы пайдаланатын “nirs-local” жақын инфрақызыл спектроскопияның жаңа аспабы санаулы минуттарда азықтың барлық дерлік түрлерінің маңызды сапа параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

KFM ұжымы азықты нақты есептеу мен бағалау қажет болғанда қеректі мәліметтер қолда болмай жиі шешімі табылмайтын мәселеге тап болады. Алайда, талдау индикаторларынсыз азықтандыруға қатысты тиянақты ұсыныстар жасау мүмкін емес.

БИК-спектроскопия аспаптары жем-шөп өндіру бойынша кәсіби зертханаларда да кеңінен таралған. Жем үлгісінен шағылысқан жарықтың толқын ұзындығы сенсормен өлшенеді. Содан кейін, орталық серверде құрылғы дымқыл химиялық жолмен анықталған және тиісті азық заттарына сәйкес сақталған калибрлеу қисығын қолдана отырып, осы сигнал негізінде азық үлгісінің параметрлерін есептейді.

“Бірнеше минут ішінде біз құрғақ зат, шикі ақуыз және nXP (бірінші нәрлі ақуыз), шикі күл, шикі талшық, NDF (бейтарап детергентті талшық) және ADF (қышқыл-детергентті талшық), сонымен қатар NE (лактацияның таза энергиясы), ME (алмасу энергиясы), RNB (тыртықтағы азот балансы) және UDP (тыртықта бөлінбейтін ақуыз) сияқты негізгі азықтын маңызды параметрлерін білеміз”.

“Нәтижесінде біз дер кезінде жұмыс істеп, шаруашылықтарға өзекті есептерді ұсына алатын болдық”,-дейді жем – шөпті есептеумен айналысатын Айнагүл Аяганова.

Уве Веддиге

Фото: KFM