Мыңдаған жылдар бойы адамдар сиыр сүтін құнды азық өнімі ретінде қолданған. 19 ғасырдың аяғында сауу машиналары пайда болғанға дейін сүт сиырлары тек қолмен сауылды. Бүгін бұл мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Қолмен немесе машинамен сауғанда күтім және сауу сапасы желіннің денсаулығына, сондай-ақ сүт сапасына үлкен әсер етеді.

Әр сауу залы әр түрлі жабдықталған және жұмыс процесі белгілі бір тәртіп бойынша етеді. Сауу бойынша тренингтерде сауыншылар осы сауу протоколы бойынша жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар KFM жобасының жетекшісі кәсіби сауыншылардың қол қимылдары қандай болу керегін көрсетіп әрқашан процестің жеке қадамдары мен уақыт шеңберінің неге маңызды екенін түсіндіреді.

Сауу процесі сиырларды сауу залына кіргізуден басталады, оны мүмкіндігінше тыныш өткізу керек. Қатты айқайлау немесе дау-дамай жануарларда стресс тудырады, нәтижесінде кейбір сиырлар сүт бермей қалады. Бірақ бұл жағдайда да неміс сарапшысының кеңесі бар: “біз жасанды окситоцинді екпейміз, оның орнына арнайы түтікпен сиырдың қынабына ауа үрлейміз. Бірнеше секундтан кейін сүт шыға бастайды”.

Уве Веддига сиырды идіру бойынша дайындық жұмыстарына ерекше назар аударады. Сауу алдында желінді тазарту, алғашқы шыққан сүтті алдын-ала сауып алу және визуалды тексеру, сондай-ақ желінді өндеу әрқашан бірдей схемаға сәйкес жүргізілуі керек. Тек осы жағдайда сиыр тез және мұқият сауылады.

Сауу кеселерін кигізген кезде, ысқырық дыбыс естілмеуі керек, құрылғы тік ілініп тұратындай сүт құбыршегін дұрыс орналастып келесі сиырға бару керек: “сауу – бұл оңай және тез игерілетін және соған қарамастан жануарлардың денсаулығы үшін өте маңызды мамандандырылған жұмыс”, – дейді білікті фермер.

Сиыр “сүт бергеннен” кейін сауу аппараты автоматты түрде шешіледі, желін тағы бір рет тексеріліп, оған күтім жасайтын құрал қолданылады және ол басқа сиырлармен бірге өз орнына қораға қайтады. Ол жерде су мен жаңа азық дайын тұру керек.

Уве Веддиге