Кішкентай бұзаулар жиі диареямен ауырады, үлкендері тыныс алу ауруларынан зардап шегеді. Қарапайым шаралар бұзаудың иммундық жағдайын жақсарта алады. Қазақстандағы фермаларды аралау кезінде доктор Йоахим Клин бұзаулардың денсаулығын жақсартуға ықпал ететін бастапқы нүктелерді көрсетті – әсіресе суалған сиырларды бағу, уызбен қамтамасыз ету және ферма персоналын ынталандыру.

Суалған кезеңнің өзі де бұзаудың туылғандағы салмағына, иммунитетіне және кейінгі сүт өнімділігіне үлкен әсер етеді. Неміс ветеринары суалған фазасында болған жылу стрессінің әсерін сипаттады: “Аналардың жылу стресстері алғашқы лактацияға дейін бұзауларға әсер етеді. Жылу күйзелісінен өткен сиырлардан тұған бұзауларды кейін қайта-қайта ұрықтандыру қажет болады, және олардың сүт өнімділігі төмен болады”.

Сондай-ақ, ол бұзаудың иммунитеті үшін уыз ішу қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет атап өтті: “барған фермалардың барлығында бұзаулардың едәуір бөлігі иммуноглобулиндерді жеткілікті мөлшерде алмайды”. Доктор Клин өмірдің алғашқы төрт сағатында бұзауларға кем дегенде 4 литр жақсы уыз беруді ұсынады. Уве Веддиге уыздағы микробтардың мөлшері сиырдың желінінен шыққан сәттен бастап оны бұзау ішкенге дейін тым жоғарылап кететіндігін анықтады: “сүт флягаға сауылып, содан кейін шелекпен беріледі. Бұл сегментте микробтардың ену ықтималдығы өте жоғары”. Мұнда көмектесетін жалғыз нәрсе – мұқият тазарту, гигиена және салқындату. Әсіресе шелектер мен флягадағы биоқабықта колиформалар болуы және диареяны тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, уызды 39 °C жылылығында беру керек.

“Бұзау өлімі 5% – дан әлдеқайда төмен”, – дейді ветеринар. Алайда, жақсы жағдай жасалмаса және иммуноглобулиндермен жақсы қамтамасыз етілмесе, бұл мүмкін емес. “Жазбаша жұмыс нұсқаулары дұрыс әрекет етудің жақсы құралы”, – дейді Уве Веддиге. Суреттері бар қысқа мәтіндерде кім, не, қалай және қашан жасау керек екендігі анық болуы керек. “Сіз мұны қызметкерлерді қарқынды түрде үйретпей жасай алмайсыз”, – дейді KFM жобасының жетекшісі.

Уве Веддиге

Фото: KFM