Қалыптасқан тиімді жұмыс тәртібі мен желінді ынталандырусыз сауу процесі мүмкін емес. Жақсы ойластырылған сауу барысы қандай болады?

Барлығы кедергісіз өтуі керек. Бірақ бұл жұмыс кестесі бойынша нақты нұсқаулар болған жағдайда ғана мұмкін. Сауыншыларға жақсылап  нұсқау беру желіннің саулығын және сауу тиімділігін қамтамасыз етеді.

Толық сауу процедурасына сауу алдында дезинфекциялау, алғашқы сүтті сауып тастау, тазарту және сауылған соң желінді арнайы ерітіндіге батыру кіреді. Алғашқы шыққан сүтті сауып тастау жануарға жақсы ынталандырушы әсер етеді. Желіннің әрбәр бөлшегінен үш сүт ағынын сауып  тастау керек. Сауу алдындағы тексеру алғашғы ағынмен шыққан ең көп соматикалық жасушалары бар сүтті сауып  тастаумен қатар желіннің қабынуын анықтауды жеңілдетеді. Осыдан кейін сау алдында дезинфекциялау ерітіндінің қалдықтарын толығымен алып тастау керек. Әр жануар үшін жаңа, микробтан таза мата немесе қағаз майлық қолданылады.

Сиырларды дайындау 10-нан 15 секундқа дейін созылуы керек. Егер сиырлар жақсы ынталандырылса, олар тезірек сүт береді. 60-90 секунд кідірістен кейін сауу аппараты киіледі.

Маңыздысы: құрылғы желіннің астында тігінен ілініп тұруы керек, ал сүт түтігі сиырдан алға бағытта болуы керек. Бұл желіннің төрт бөлігінің әртұрлі сауулуынын және вакуумның ауытқуын болдырмайды.

Желіннің әр бөлігінен шамамен 0,25 литр сүт шыққанда құрылғыны алып тастауға болады. Бұл көлем жануарлардың 90% – ына сәйкес келеді.

Желіннің ұштары толығымен ерітіндіге батырылғанда, емізік арнасы жабылады да микробтардың енуіне жол берілмейді.

Уве Веддиге

Фото: KFM