Малды ұстау және азықтандырумен қатар классикалық тұяқ күтімі тұяқтардың денсаулығына үлкен әсер етеді. “Ақсақ сиырлар жем-шөпті аз жейді, сүтті аз береді, оларда жүктілік сирек болады, сондықтан олар ауруға көбірек бейім”, – деп түсіндіреді Холгер Пловка. Тұяқтарды күту бойынша халықаралық сарапшы жақында KFM командасымен бірге Қазақстанның солтүстігінде тұяқтарды күту бойынша үш т екі күндік тренинг өткізді. Мақсатты оқу сабақтары барысында 40-тан астам қатысушы “Тұяқтарды функционалдық күту” әдістемесі мен тәсілдерін үйреніп, пысықтады. “Ақсақтықтың себептерін жою микробқа қарсы емдеуден гөрі маңызды. Олар көбінесе ақсақ сиырлардың денсаулығын қалпына келтіру процесін бөгеді”, – дейді Холгер Пловка. Көптеген табын менеджерлері өз фермаларында ақсақтықтың жиілігіне айтарлықтай мән бермейді, көбінесе тұяқтар күтімі аса қажет болған жағдайда ғана жасалады, мысалы, тұяқтар әбден өсіп кеткенде немесе мал қатты ақсап жүрген жағдайында. Хольгер Пловка, керісінше, барлық сиырларға жылына екі-үш рет тұяқ кесуді ұсынады. Көбінесе тайыншалардан бастау керек. Барлық сиырлардың суалтылған кезінде және лактацияның 50-ші және 100-ші күні аралығында кесте бойынша тұяқтарын кесу керек. “Қозғалысты үнемі бақылап бағалау ақсақтықты ертерек анықтауға және алдын алуға көмектеседі, ұзақ мерзімді перспективада бұл денсаулықты қалпына келтіруді жылдамдатады”, – деп кеңес береді Бақдәулет Тұрсынбай (KFM) тұяқшы мамандарға.

Қатысушылардың бірі: “Тұяқтардың денсаулығы-бұл үлкен жұмыс және ол арзан емес. Бірақ бұл сүт табынының денсаулығы мен өнімділігіне оң әсер етеді”.

Уве Веддиге

Фотo: KFM