Ауыл шаруашылығы Қазақстан үшін өте маңызды, осыған қарамастан сүт өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі өте төмен. Бұл жағдайды өзгерту қажет. Фермалар тез салынып, жем-шөп өсіретін жер, заманауи технологиялар мен заманауи генетика қол жетімді болса да, білікті жұмысшылар жетіспейді. Ауылшаруашылық колледждері мен университеттік курстардың түлектері жеткілікті, бірақ терең және жан-жақты практикалық білімі бар білікті жұмысшылар аз.

Сондықтан Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріпов пен дипломатиялық уәкілі Шолпан Шынасылованың сапары дуальді оқыту, өндіріс аралық оқыту жүйесін талқылауға, сондай-ақ сүт өндірісі бойынша консультанттарды дайындау мәселелеріне арналды.

Шлезвиг-Гольштейн жерінің ауылшаруашылық палатасының президенті Уте Фольквардсен мен Клаус-Петер Бойенс қонақтарға ауылшаруашылық білімі, консультанттар даярлау, сынақтар жүргізу, кеңес беру қызметтері және қоғаммен байланыс саласындағы көптеген міндеттерді, сондай-ақ мал шаруашылығы және ауылшаруашылық құрылысы бойынша мекемесі ретіндегі оқу-тәжірибе орталығының мақсаттары мен маңыздылығын түсіндірді. Одан кейін экскурсия барысында қатысушылар құзыреттілік орталығымен оның барлық алуан түрлілігі мен ауқымымен танысты.

Қонақтар Ронья Мау әсерлі түрде таныстырған мал шаруашылығы саласындағы оқытудың көлемі мен алуан түрлілігіне ерекше таң қалды. “Бұл тұра ЕвроТир сияқты”, – деп Елші Йохим Роведер мен Клаус-Петерс Бойенске экскурсия кезінде құрылыс және энергетика көрмесін жоғары бағалады. Сол күннің екінші жартысында Бад-Маленттегі сүтті мал шаруашылығы бойынша оқу-тәжірибе орталығының басшысы Майк фон Берген аудиторияны қызықтырып, онда өткізілетін оқу курстары туралы айтып берді.

Шығыс Еуропа және Орталық/Шығыс Азия бойынша BMEL[1]департаменті өкілі Пегги Ланцшпен және GFA Consulting Group атынан Ральф Роговскиймен (BMEL шетелдік жобаларын басқару бойынша консультант) бірге қатысушылар қазақстандық фермерлер мен консультанттар үшін мамандандырылған тағылымдамалардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстанда сүт өндіру бойынша құзыреттер орталығын құру жөніндегі шараларды талқылады. “Білікті мамандар үлкен сұранысқа ие және сүт өндірісі экономикалық тұрғыдан тиімді”, – дейді Уве Веддиге. Оның бағалауынша, сауыншыларға, зоотехниктерге, жемшөп таратушыларға, ветеринарларға, зертханашыларға, табынды басқарушыларға және сүт өндіру жөніндегі кеңесшілерге практикаға бағытталған оқыту мен біліктілікті арттыру жетіспейді, “мұны тек білім жинау мен жинақталған білімді беру жөніндегі ұлттық құзырет орталығында ғана дуальды оқытумен біріктіре отырып шешуге болады”.

Уве Веддиге

Фото KFM: Уте Фольквардсен және Дәурен Кәріпов

 

[1] BMEL – Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі