Шуақты күнде көптеген қонақтардың қатысуымен Eurasia Group компаниясы Көкшетауда өзінің жаңа сервис орталығын ашты. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев және Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса құттықтау сөзінде Қазақстанның солтүстік өңірі үшін ауыл шаруашылығының орасан зор экономикалық маңызын атап өтті. «Джон Дир американдық компания болса да, тракторлар мен машиналардың көп бөлігі Германияда Манхайм қаласындағы зауытта шығарылады», — деді Германияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Доктор Тило Клиннер. Оның айтуынша, бұл жаңа орталық Қазақстан мен Германия арасындағы өте жақсы қарым-қатынастарының белгісі болып табылады.
John Deere, JSB, Väderstad, Lindsay және Grimme ауылшаруашылық техникаларын сатуға және қызмет көрсетуге арналған әсерлі орталықтың сандық көрсеткіштері керемет: 10 гектар аумақта, 19000 м2 кедендік қойма және жабдықты сату аймағынан (13,600 м2) басқа, 13,500 м2 қызмет көрсету орталығы, агрегаттық шеберхана (450 м2) және қосалқы бөлшектер қоймасы (7,700 м2) орналасқан.
Келушілер заманауи кеңселерде және кең көрме залында қарсы алынады. Сондай-ақ, оның жанында толық жабдықталған жөндеу шеберханасы бар, бұл жерде оқыту шараларын өткізу де мүмкін. Сонымен қатар цифрландыру және автоматтандыру бойынша оқу орталығы, сондай-ақ тест-драйв үшін жеке полигон да бар.
Eurasia Group Қазақстанда 23 жылдан бері жұмыс істейді, компанияның 14 өкілдігінде 420 қызметкер жұмыс істейді. Бүгінгі таңда компания 12 000-нан астам трактор, жемшөп жинайтын комбайндар, астық жинайтын комбайндар мен топырақ өңдейтін техниканы сатты және жеткізді.
Айнагуль Аяганова, KFM жобасы жетекшісінің орынбасары