2019-2023 жылдарға жоспарланған Қазақстан-Герман екіжақты “Қазақстанда сүтті мал шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында өндірістік құзыреттілікті арттыру жөніндегі кооперациялық жобаны” (бұдан әрі – KFM) іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 23 қазанда “Сергей” ШҚ базасында “Сауын сиырларының тұяқтарына функционалдық күтім жасау “тақырыбы бойынша практикалық сабақтарға негізделген семинар өткізілді.

“Сергей” ШҚ Евгеньевка ауылында орналасқан және Павлодар облысынан KFM-жобасына қатысатын төрт пилоттық шаруашылықтың бірі болып табылады.

Семинардың теориялық бөлімін Торайғыров атындағы университеттің “Агроинновация және биотехнология” ҒЗИ директоры Кайрола Ахажанов жүргізді, оның ассистенті Азат Садықалиев болды. Семинар барысында туындаған ветеринария мәселелері бойынша ақпараттық қолдауды д-р Бауыржан Құрманов көрсетті.

Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына осы аймақта KFM-жобасының басталуына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. “Сергей” ШҚ басшысы Виктор Рямбов мырзаға жобаға қатысуға үлкен қызығушылық танытқаны және семинар өткізу үшін өндірістік алаң ұсынғаны үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Осы шаруашылық мамандарының, атап айтқанда менеджер Марс Жұмағелдинов мырзаның, ветеринарлар Таңсұлу Айтжанова ханымның және Ержан Малик мырзаның, сондай-ақ 2017 жылы Германиядан келген маман Холгер Пловка мырзаның тұяқтарды өңдеу және күту бойынша тренингтеріне қатысқан Владимир Бочкарев мырзаның үлкен қызығушылығын және белсенді қатысуын атап өткім келеді. Семинарда ол өзінің практикалық тәжірибесін көрсетіп жұмысты оңтайландыру, жоспарлау және емдеу мәселелеріне қызығушылық танытты.

Іс-шараға “Ertis” жоғары Инновациялық аграрлық колледжінің оқытушылары Асқар Тілеуленов мырза мен Гүлнар Мұсаева ханым қатысты. Бұл оқу орны ауыл шаруашылығы саласы үшін жақсы мамандар дайындауымен танымал, оның ішінде малшылар мен ветеринарлар, олардың көпшілігі аймақтың кәсіпорындарында жұмыс істейді.

Өткізілген семинар сүт өндірісі мамандарының білімін таратуға, оларды фермерлердің жас буынына үйретуге және KFM-жобасымен ынтымақтастықты жалпы нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз.

Әділ Рахимов, PhD