Пилоттық фермаларға бару және іріктеу мақсатында сапарлар сәтті өтуде. Сарапшылар қазірдің өзінде қырыққа жуық үміткердің жартысынан астамында болды.

Уве Веддиге бастаған ұжым қазір Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша фермалар басшыларымен және менеджерлерімен олардың жоспарлары мен мақсаттары туралы сөйлесу мақсатымен сапарда жүр. Бұл кездесулердің нәтижелері Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі, мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы (НИЦЖив), Республикалық ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдары палатасы, жоба ұжымы мен Федералдық ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі өкілдерінен тұратын жобаның тұрақты жұмыс тобының пилоттық фермаларды іріктеуіне негіз болып табылады.

Халықаралық және қазақстандық сарапшылар алдағы бірнеше жыл бойы іріктелген 15 сүт өндірушіге өндірістік процестерді кеңейту және оңтайландыруға инвестициялар бойынша, сондай-ақ  мамандар мен менеджерлердің біліктілігі бойынша қарқынды консалтинг ұсынады.

“Біз тек жеке аспектілер бойынша ақпарат жинаумен шектелмейміз, біз ферманы жем-шөп өндіруден бастап сиырлардың жайлылығы мен сүтті сатуға дейінгі барлық жағынан егжей-тегжейлі талдаймыз. Біз топырақты, суды, мал азығын, сүтті талдау үшін және ветеринарлық диагностика үшін заманауи әдістерді қолданамыз”, – деп түсіндіреді Айнагуль Аяганова. «Сонымен қатар біздің ұжым маусымдық ақпараттық бюллетеньдер мен кітапшаларды жариялайды», – дейді жоба жетекшісінің орынбасары.

Covid-19 байланысты шектеулердің қолданылуы аяқталғаннан кейін сүт өндірісінің барлық салалары бойынша ауқымды тренингтер мен семинарлар жүргізілетін болады. Алғашқы тақырыптар желіннің саулығы, сондай-ақ желінге қауіпсіз болатын және гигиеналық талаптарға сәйкес сиыр сауу әдістері.

Айнагуль Аяганова, тел: +7 705 595 52 64

Фото: KFM