Жобаны жүзеге асыратын орындаушылар

Жобаны жергілікті жерлерде жүзеге асыратын орындаушылар 

Жобаны Германия Федеративтік Республикасының Федералдық ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өңірлік сәйкестік министрлігі (BMLEH) тапсырмасы бойынша ADT Project Consulting GmbH және Iak Agrar Consulting GmbH компанияларынан құралған консорциум жүзеге асырады. Екі серіктестің Қазақстанда 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Екі компанияда да консалтинг, сондай-ақ тұрақты сүтті мал шаруашылығы үшін мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру халықаралық жобалар шеңберіндегі жұмыстарының негізгі бағыттары болып табылады. Бұдан басқа, екі әріптестің де BMLEH-дің екіжақты ынтымақтастық бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыруда көпжылдық тәжірибесі бар.

www.adtproject.de www.iakleipzig.de

Федералдық ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өңірлік сәйкестік министрлігінің (BMLEH) екі жақты ынтымақтастық бағдарламасы бойынша бас уәкілі GFA Consulting Group GmbH

GFA жобаның тұжырымдамалық іске асырылуын басқарады және оның барысына мониторинг өткізу үшін жауап береді.

GFA Consulting Group GmbH туралы қосымша ақпаратты мына сайтта табуға болады:

www.gfa-group.de