Салалық серіктестер
Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі
ғылыми зерттеу институты
Алматыда орналасқан Мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы ҚазМШжЖӨҒЗИ ауыл шаруашылық малды өсіру және өсіріп-өндіру бойынша қызметтер, сүт және жем-шөп сапасын талдау, жаңа технологияларды практикаға енгізу бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ сүт және мал шаруашылығы саласында кеңес беру мен оқытумен айналысады. орталығы Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты туралы қосымша ақпаратты осы сайтта табуға болады:
https://www.kazniizhik.kz

Сүт фермалары
Біліктілікті дамыту үшін ең көп дегенде 500 сүт сиыры бар іріктелген, тұрақты сүт өндіруді инвестиция арқылы кеңейткісі келетін немесе инвестициялық іс-шараларды бастаған шағын және орта сүт фермалары (пилоттық шаруашылықтар) біліктілігін дамыту үшін бастапқы нүкте болып табылады. Бұл өндірісн кеңейткісі келетін жұмыс істеп тұрған сүт фермалары немесе салалық бағдарлама шеңберінде құрылатын жаңа нысандар болуы мүмкін.

Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының Республикалық палатасы
Палата осыдан 7 жыл бұрын құрылған және құрамында жүздеген мал шаруашылығы фермалары бар. Қауымдастықтың орналасқан жері Астана қаласы. Әдетте, қауымдастық мүшелері 30-дан 5000-ға дейін сүт сиырын ұстайды. Қауымдастықтың 60-қа жуық мүшелерінің фермаларында 600-ден астам сиыр бар. Қауымдастық қызметтері селекциялық жұмыста кеңес беруге бағытталған.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылды. Атамекен Үкіметпен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста іскерлік ортаның мүддесін білдіреді. «Атамекен» платасының негізгі міндеті кәсіпорындардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және барлық кәсіпкерлерді бизнесқа байланысты заңнамалық және басқа да реттеуші ережелерді қалыптастыру процесіне тарту болып табылады. «Атамекен» қызметі отандық және шетелдік инвесторлар үшін іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдегі іскерлік ортаның тұрақтылығы мен дамуына бағытталған. Атап айтқанда, жоба «Атамекен» палатасының Қазақстанның сүт саласының мүддесін білдіретін комитетпен ынтымақтастықта.
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» семинарларының бағдарламасына жыл сайын бюджет бөледі. Жоба аясында «Атамекен» палатасымен бірге сүт саласы тақырыбы бойынша семинарлар мен іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
«Атамекен» туралы толығырак мәліметті осы жерде таба аласыз:

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (НАНОЦ)
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (НАНОЦ) Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына кіреді. 2016 жылдан бастап НАНОЦ құрамына үш қазақстандық аграрлық университет (Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Оралдағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті және Астанадағы Қазақ аграрлық техникалық университеті), сондай-ақ 23 ғылыми-зерттеу институты мен 17 эксперименттік станция кіреді. НАНОЦ осы білім беру және зерттеу мекемелерінің стратегиялық бағыттылығына жауап береді.
Жоба НАНОЦ орталығымен, атап айтқанда, білім беру және сүт саласындағы жаңа білімді тарату саласында ынтымақтастықты көздейді.

Германия мен Қазақстан арасындағы аграрлық-саяси диалог (АПД)
Германия мен Қазақстан арасындағы аграрлық-саяси диалог (АПД) неміс және қазақстандық ауыл шаруашылығы секторлары арасында алмасуға ықпал етеді. Неміс және еуропалық тәжірибе Орталық Азиядағы қазіргі заманғы және ресурс үнемдеуге бағытталғын ауыл шаруашылығы саясатын дамытуға жағдай жасау мақсатында пайдаланылады.
АПД тәсілі қазақстандық серіктестердің мүдделеріне және ұлттық және халықаралық ауыл шаруашылығы саясатының міндеттеріне бағытталған.
Ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары:
- Органикалық ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығын қаржыландыру
АПД туралы қосымша ақпаратты мына сайтта табуға болады:
