Ынтымақтастық серіктестері
Жобаның саяси серіктестері
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі бастамашылық еткен 2018-2027 жылдар кезеңіне арналған сүт секторын дамыту бағдарламасы Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін, импорт алмастыруды қамтамасыз ету және сонымен бірге сүт өндірісін ұлғайту үшін орнықты және бәсекеге қабілетті сүт секторын құруға бағытталған. Атап айтқанда, сүт өндіріс көлемін он жыл ішінде 1 млн. тоннаға арттыру мақсатында шаруашылықтар саны мен өнімділігі ұлғайтылатын болады. Бұл жоба арқылы BMLEH Қазақстанда сүт өндірісін тұрақты кеңейтуді қолдайды. Жаңғырту және жаңа инвестициялар мәселелері бойынша фермерлік шаруашылықтарға кеңес беру Қазақстандағы қазіргі заманғы, қоршаған ортаға қауіпсіз және малға жайлы жағдай қалыптастыратын сүт өндіру жүйелерінің дамуына ықпал етуге бағытталған.
Жоғарыда аталған екі саяси серіктестермен қатар жоба іс-шараларын іске асыру бойынша Қазақстандағы осы саладағы әріптестермен бірігіп жұмыс істейді.

Федералдық ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өңірлік сәйкестік министрлігі (BMLEH)
www.bmleh.de

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
www.moa.gov.kz