Жаңа туған бұзауларға криптоспоридия паразиттерінің жұмыртқалары (ооцисталар) бұзаулау боксында туылған кезде-ақ жұғуы мүмкін. иыр бұзаулайтын бокста туылған кезде-ақ жұғуы мүмкін. Өмірінің 3-ші күнінде-ақ аш ішекте жаңа ооцисталар пайда болады, олар бір жағынан бұзауда инфекция тудырса, екінші жағынан нәжіспен бөлініп, басқа бұзауларға жұғады.

Ооцисталар өте төзімді, олар -17-ден +60 °C температурада бірнеше айға дейін өмір сүреді. Жеткілікті мөлшерде уыз ішпегені, гигиенаның жеткіліксіздігі, суық және ылғалды ауа райы, бұзаудың әлсіреген иммунитеті, патогендердің жоғары деңгейі және ротавирус, E.coli сияқты қосалқы инфекциялар инфекцияның дамуына ықпал етеді.

Егер бұзауға ооцисталар жұғып аурса, электролиттер мен сүт, ауырсынуды басатын дәрі, сондай-ақ Е дәрумені, селен және В12 дәрумені көмектеседі. Қайталама инфекциялардың алдын алу үшін паромомицин қолайлы. Егер бұзауда сору рефлексі байқалмаса, электролит және натрий гидрокарбонатымен инфузия жасау көмектеседі. Галофугинон белсенді затын (мысалы, Halocur) тек профилактикалық мақсатта қолдануға болады. Ескерту: артық доза уыттық әсер беруі мүмкін.

Алдын алу үшін бұзау туылғаннан кейін екі сағат ішінде төрт литр уыз ішуі керек. Зерттеулер қанында иммуноглобулин мөлшері жоғары бұзауларда ооцисталар әлдеқайда аз бөлінетінін және диареямен ауру уақыты қысқа болатынын растайды.

Бұзауға арналған бокстарды міндетті түрде мұқият тазалау және зарасыздандыру керек. Бұзау қорасы мен бұзау боксындағы бетон үсті мен жұмыс құралдарын мұқият тазалап, сілтілі жуғыш затпен көбіктендіріп, жоғары қысымды жуғышпен тазалайды. Содан кейін оларды кептіріп, неопредисанның (Neopredisan) 4% ерітіндісімен дезинфекциялау керек. Ең дұрысы, бұзауға арналған бокс бес-жеті күн бойы бос тұруы керек.

Алдын алу шараларының тағы бірі — вакцинация. Суалту кезінде жасалатын инъекцияға қосымша үш аптадан кейін екінші инъекция жасау жақсы нәтиже береді. Бұл ретте ананы қорғауға арналған вакцинацияны басқа вакцинациямен (мысалы, Rotavec-Corona) еш қиындықсыз біріктіруге болады.

Алайда, вакцинация уызбен мұқият азықтандыру мен гигиена шараларын алмастыра алмайды.

Уве Веддиге

Фото: KFM