Тефф шөбін қолданып өте тез, өте көп жоғары сапалы жемшөп өсіруге болады.
Оны ергежейлі тары немесе құрылымына байланысты «періште шашы» деп те атайды. Ол құрғақ және өте құрғақ жерлерде өсетіндіктен оны Қазақстанда да өсіруге болады. Жапырағы көп болғандықтан оның құрамында лигнин аз.
Тұқым себілгеннен кейін 35-40 күн өткен соң-ақ шөпті шауып алуға болады, ал одан кейін әрбір 30 күн сайын шабуға болады. Тефф — бұл аурулар мен зиянкестерден зақымдалмайтын, өнімділігі жоғары төзімді өсімдік:
- жылына бір гектардан 15 тоннаға дейін құрғақ зат шығады;
- өте дәмді, жақсы желінеді;
- ақуыз 18% дейін;
- жапырағы көп, жұмсақ өсімдік;
- сабақ үлесі аз, лигнин аз;
- құрғақ және өте құрғақ жерлерде өседі;
- шөпке, сүрлемге немесе жайылымға жарамды.
АҚШ-та тефф мал және коммерциялық шөп өндірушілер үшін құнды жемшөпке айналды. Ең бастысы, ол қатты құрғақшылық жағдайында да жақсы өседі.
Дереккөз: holtmann-saaten.de, өңдеген Веддиге
Фото: Holtmann