Жыл басы жұмыста әрқашан сәл тыныш кезең болады және 2026 жылға жобалық жұмысты жоспарлау негізінен аяқталған болады.
Мен өзім жаңа жылдың алғашқы күндерін келесі айларда қандай мақсаттарға қол жеткізгім келетіні туралы ойлау үшін пайдаланамын. Ал сіздерде қалай? Сіздер өздеріңіздің ұжымдарыңызбен бірге 2026 жылға қандай мақсаттар қойдыңыздар? Не істегіңіз келеді? Не үйренгіңіз келеді?
Ұжыммен кәсіпорынның мақсаттарын алдын ала талқылаңыз және оларды бірлесіп анықтаңыз:
- Мақсаттарды жазып қойыңыздар.
- Мақсаттарға қол жеткізу күнін белгілеңіздер.
- Аралық мақсаттарды да анықтағыздар.
- Мотивация үшін оларды көрнекті жерге іліп қойыңыздар!
- Ешқашан 3 үлкен мақсаттан артық қоймаңыздар!
Көптеген кәсіпорындарда күйлеуді бақылаудың жаңа жүйесін сатып алу, сауу бойынша тренинг немесе жаңа төлдеген сиырларға қатысты жоспарлы менеджмент енгізу сияқты мақсаттар қарастырылады. Демалу, біліктілікті арттыру және команда құру сияқты «жұмсақ дағдылар» туралы да ұмытпаңыздар!
Мақсаттарыңыздың біріне қол жеткізгеннен кейін, оны қызметкерлеріңізбен бірге атап өте аласыздар. Осылайша, сіздер өз кәсіпорныңызды дамытасыздар және сіздерде келесі мақсаттарыңызға жаңа идеялар пайда болады.
Уве Веддиге