Жаңа зерттеу микропластик ірі қара малдың ас қорыту жүйесіне қалай әсер ететінін көрсетті, деп хабарлайды «Journal of Hazardous Materials» басылымында неміс-фин ғалымдар ұжымы. Олар месқарыннан сұйықтық алып, оған пластик бөлшектерін, сондай-ақ шөп пен арпа қосты.
«Біздің зерттеуіміз ас қорыту жүйесі пластикті ұсақ бөлшектерге ыдырататын және сол арқылы ықтимал жаңа қауіптерді тудыратын биореактор ретінде жұмыс істейтінін көрсетеді,» — дейді Хоэнхайм университетінен қатысқан зерттеуші Яна Зайферт. Пластмассаның ұсақ бөліктері ұлпаға, демек, азық тізбегіне оңай енуі мүмкін.
Арпамен жасалған эксперименттерде микропластик асқазан сөліндегі бактериялардың құрамын (микробиомды) өзгертіп қана қойған жоқ. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, стресстік реакцияларға байланысты бактериялық ақуыздар да пайда болған.
Бұған дейін өлшемі 0,1 миллиметрден кіші бөлшектердің ішек тосқауылын жеңе алатыны, бұл олардың адамдар тұтынатын жануарлардан алынатын өнімдерде жинақталуына әкелуі мүмкін екендігі көрсетілді, деп жазады зертеу ұжымы. Қалған бөлігі өзгермеген күйінде немесе өзгерген күйінде нәжіспен бірге ішектен шығып, қайтадан егістікке түседі, нәтижесінде цикл қайтадан басталады.
Уве Веддиге
Фото: © KFM