Көптеген басқа аурулар сияқты, мақсатты алдын алу шаралары және метритті ерте анықтау, сондай-ақ азықтануды дұрыс басқару сүт өнімділігі мен өсімталдығын арттырады.

АҚШ-та 6000-нан астам сиырды бақылау арқылы жүргізілген зерттеу 300 күндік лактациядан кейін жағымсыз иісі бар, сулы және қызғылт шырышы бөлінетін сиарлар  мөлдір немесе сәл іріңді шырышы бар жануарларға қарағанда, айтарлықтай сирек буаз болатынын көрсетті. Бұл жануарлар бұзаулағаннан кейін көбінесе табыннан шығарылады. Сонымен қатар, лактацияның алғашқы 300 күнінде олардың сүт өнімділігі бақылау тобындағы жануарлардан 760 кг төмен болды.

Сондықтан жатырдың қабынуына жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Бұл ретте азықтану әрекеті мен жемшөп тұтыну процесін жақсарту керек. Жатырдың клиникалық қабынуы бар сиырларда төлдеуге үш апта қалғанда теріс энергетикалық тепе-теңдік байқалады. Бұл энергия жетіспеушілігі бұзаулағаннан кейін де сақталады. Төлдегеннен кейін екі-үш аптадан кейін ғана қалыпқа келуі мүмкін.

Сондықтан сиырлардың азық жеуіне ерекше назар аудару керек, өйткені қосымша жұмсалған әрбір кг құрғақ зат (ҚЗ) тәулігіне шамамен 1,5 кг сүт өнімін арттыра алады.

Әсіресе суалту кезеңінің сонғы фазасында жемшөпті іріктеп/теріп жемеін қадағалау керек. Көп жағдайларда сабан тым ұзын, ал рацион тым құрғақ болып жатады. Сабанды 20 мм-ден 30 мм-ге дейін ұсақтап, рационға су қосу арқылы бұл мәселелерді шешуге болады.

Сиырлар бұзаулаған соң көп азық жеуі үшін азықтандыру мерзімін ұзарту керек. Мұны, мысалы, суалту мен төлдеуден кейінгі кезеңде қорадағы мал санын азайтып, жиірек азықтандыру арқылы жасауға болады. Азықтандыру жиілігін күніне бір реттен екі ретке дейін арттырудың өзі күнделікті азықтандыру уақытын он минутқа ұзартады.

Уве Веддиге

Фото: © KFM