Әсіресе суық және ылғалды айларда бұзаулардың алғашқы күндеріндегі денсаулығы ойластырылған менеджментке көп байланысты. Жануарлардың денсаулығы мен төзімділігінің негізі болып табылатын келесі сегіз шараға назар аударыңыздар.

  1. Алғашқы сәттен бастап жылы ұстау: туылғаннан кейін бұзауды дереу және мұқият құрғатып, жылытқыш камерасын пайдалану арқылы бұзауға уызды ішу және сіңіру үшін қажетті энергия жоғалмауына жағдай жасалады.
  2. Иммундық жүйені нығайту: әсіресе қыста бактериялық жүктеме жоғары болған кезде жаңа туған бұзаулардың диареяның типтік қоздырғыштарына қарсы тұра алатын сенімді иммундық қорғанысы маңызды. Мұндай қорғауды қамтамасыз етудің ең тиімді жолы — аналық сиыр уызы. Уыздың сапасын мақсатты түрде сиырды төлдер алдында вакцинациялау арқылы жақсартуға болады.
  3. Уыз қорын жинап қойыңыздар: қыста уыздың сапасы айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Жоғары сапалы мұздатылған уыз қоры (> 25% BRIX) әрбір жаңа туған бұзаудың оңтайлы азықтандырылуын қамтамасыз етеді, тіпті анасынан жеткілікті мөлшерде немесе жоғары сапалы уыз ала алмасақ да.
  1. Қажетті энергиямен қамтамасыз етіңіздер: суықта энергия қоры айтарлықтай азаяды. Қысқы суықта бұзаудың тіршілік әрекетін сақтау үшін қажет болатын энергия мөлшері 20% — ға дейін артады. Сүт алмастырғыштың концентрациясын 20%-ға арттырыңыз. 40 ° C-қа дейін жылытып берілетін су бұзаудың энергетикалық теңгеріміне деген қосымша жүктемені азайтады.
  2. Қосымша азық туралы ұмытпаңыздар: бұзауларға арналған балғын мюсли немесе бұзауларға арналған TMR өмірінің 3-ші күнінен бастап месқарынның ерте дамуын ынталандырады.
  3. Микробтардың таралуына жол бермеңіздер: шелектер, емізіктер мен астауларды күн сайын тазалау керек. Бұзау жататын иглустарды немесе бокстарды пайдаланғаннан кейін мұқият тазалап, дезинфекциялау керек.

Ескерту: суықта кейбір дезинфекциялық заттардың тиімділігі төмендейді.

  1. Ауруларды уақытында анықтаңыздар: жүріс-тұрысындағы өзгерістерге, диареяның басталуына немесе респираторлық аурулардың алғашқы белгілеріне назар аударыңыздар. Ауруды неғұрлым ерте анықтасаңыз, соғұрлым тез және тиімді шаралар қабылдай аласыз.
  2. Тиімді микроклимат құруға тырысыңыздар: қалың құрғақ сабан төсеніші астыдан келетін суықтан қорғайды, бұзау жатқан жерді суық желден қорғаңыз. 5 °C-тан төмен температурада бұзауларға арналған көрпешелер жылу шығынын азайтатын және энергия балансын сақтайтын тиімді құрал.

Сондай-ақ, KFM жобасының «Бұзауларға арналған төсеніш қалындығын бағалау» және «Бұзауларды қыста өсіру» атты тегін жадынамаларын оқыңыздар.

Уве Веддиге

Фото: © KFM