Көптеген басқа аурулар сияқты, ұзақ мерзімді салдардың алдын алу үшін оны дер кезінде анықтау маңызды. Жалғыз бір жануардың алғашқы жөтелінің өзіне назар аударып, дереу себебін қарастыру керек.
Бұзау минутына 50 реттен жиі тыныс ала ма? Ол ентігіп дем ала ма, әлде демі қысылып жатыр ма? Жөтелі ылғалды ма, құрғақ па?
- Тыныс алудың жиілеуі бұзаудың өкпесі ауратынын көрсетеді. Бірақ ауа райына байланысты ыстық күндері жылулық стресс кезінде де тыныс алуы жиілеуі мүмкін.
- Егер мұрын астында бұлдыр, қоймалжың бөлінділер көрінсе, онда бұзаудың ауру екені анық. Сау жануарлар мұрынын тілімен өздері тазартады.
- Тік ішектегі температура 39,5 °C-тан жоғары болса, ыстығы көтерілгенін білдіреді. Сенімді нәтиже алу үшін градусникті тік ішектің шырынды қабатына тиіп тұратындай салыңыз.
- Бұзаудың кеңірдегін тыңдағаннан кейін стетоскопты жауырынның артына қойыңыз. Әдетте бұл жерде дем алу айтарлықтай анық естіледі, бірақ кеңірдекпен салыстырғанда ол әлсіздеу, ал дем шығару дыбыссыз дерлік. Соңында қабырғалардың көлденең өсінділерінің астынан тыңдайды. Бұл жерде тыныс алу тек болар-болмас естілуі керек. Егер сол жерде әлі де дем алу және дем шығару естілсе, бұл өкпе инфекциясының болуын анық көрсетеді.
Жөтелген кез келген бұзауды антибиотиктермен емдеу қажет емес, оның орнына қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және қақырық түсіретін дәрі беруге болады. Ал бұзаулардың қызуы көтеріліп, әлсірегенде антибиотиктермен емдеген жөн. Емделіп жатқан бұзаулар міндетті түрде құрғақ және жылы жерде ұсталып, азықпен, сумен және ірі азықтармен үнемі қамтамасыз етілуі керек.
Егер бұзаулардың жөтелі күнделікті көрініс болса, алдын алу шараларын тексеру қажет:
- Бұзауларға өмірінің алғашқы төрт сағатында жеткілікті мөлшерде және сапалы уыз беріле ме?
- Алғашқы күтімнен кейін бұзаулар жел өтпейтін таза және құрғақ жерге орналастырылады ма?
- Вакциналар кешенді қорғауды қамтамасыз етеді және өмірдің 2-ші аптасынан 4-ші аптасына дейін енгізілуі мүмкін.
- Егер жатқан бұзаудың биіктігінде аммиак иісі сезілсе, көңді жиі жинау керек.
- Топтан топқа тек қана сау бұзаулар ауыстырылуы керек, егу мерзімі мен рацион өзгерту кезінде одан бас тарту керек.
Уве Веддиге
Фото: © KFM