Субклиникалық мастит — бұл көзге көрінбейтін желіннің қабынуы, оның барысында сиырдың сүті мен жүріп-тұруында ешқандай ауытқулар байқалмайды. Дегенмен, субклиникалық маститті дер кезінде анықтау өте маңызды, өйткені маститтің бұл түрі сүт сапасын нашарлатады және сиырдың сүт өнімділігін төмендетеді.
Субклиникалық қабынуды, әдетте, бактериялар тудырады, олар емшек өзегі арқылы желінге түседі. Бұл бактериялар басқа сиырдың желінінен, сауыншы немесе сауын аппараты арқылы, сондай-ақ қоршаған ортадан таралуы мүмкін.
Субклиникалық мастит болғанда сүтте соматикалық жасушалар көбееді, олар енген бактерияларды жоюға тырысады. Бұл процесс көзге көрінбейді, бірақ оны калифорния тесті арқылы анықтауға болады. Ол үшін KFM жобасының «Калифорния тесті» атты жаднамасын оқыңыздар.
Нақты шекті мәні туралы пікірлер әртүрлі болғанымен, субклиникалық маститтің халықаралық мойындалған көрсеткіші: 1 мл сүтте 200 000-нан астам соматикалық жасушалар саны.
Қазіргі заманғы сауу залдары мен автоматты сауу жүйелері әр сиырдың соматикалық жасушалар санын үнемі өлшеп отырады. Субклиникалық маститтің пайда болуының алдын алу үшін сауу технологиясын, гигиенаны сақтау керек және сауу техникасы ақаусыз жұмыс істеп тұруы қажет.
Субклиникалық маститті емдеу барысында суалту кезінде қолданылатын антибиотик және емшек каналына салынатын герметик пайдалы болады. Қосымша ақпарат алу үшін KFM жобасының тегін ақпараттық жадынамаларын оқыңыздар “Cиырларды дұрыс суалту” және “Суалтуға арналған антибиотикті дұрыс пайдалану”.
Уве Веддиге
Фото: © KFM