Сиырлар иісті жақсы сезеді. Олар иістерге сезімтал және судың дәмін ұнатпаған кезде оны ішпейді де. Егер олар тым аз су ішсе, біз оны сүттің азаюынан бірден байқаймыз.
Әр сиыр әр бір литр сүт үшін 3 литр су ішуі керек. Әсіресе сауылғаннан кейін сиырлар қатты шөлдейді және шөлге шыдамсыз. Құрғақ заттың әр килограмына олар 5 литр су ішуі керек. Қоршаған ортаның температурасына байланысты бұл күніне 140 литрге дейін жетуі мүмкін!
Су ластанған болса, аз ішіледі, сонымен қатар көбінесе шектеуші факторлар болуы мүмкін : бұл ішетін ыдыстарды тар жерге орнату, ыдыстың тар болғаны, судың тереңдігі 8 см-ден аз және суаттың айналасында орын жеткіліксіз.
Құрамында 0,5 мг/л астам темір бар судың түсі қоңыр және жағымсыз металл дәмі болады. Сонымен қатар, темірден сүтті сиырларда тотығу стресі туындайды, сондай-ақ мастит жиі болады, иммундық функция төмендейді. Темірмен байланысты бактериялары бар биоүлдірдің түзілуі нәтижесінде суаттың бүкіл жүйесіне микробтар тарауы мүмкін. Бүкіл табында түсініксіз аурулар пайда болса, өсімділік нашарлағанда, сүт сауымы төмендеп кетсе, сиырлар суды аз ішетін болса, малға берілетін суды зертханада тексеру керек.
Берілетін су таза болуы керек, сонымен қатар суаттарды үнемі тазалап отыру күнделікті жұмыс жоспарына еңгізілуі керек. Су өлшегішті қолданып жануарлардың су ішуі туралы сенімді ақпарат алып, сол ақпарат негізінде дер кезінде шара қолдануға болады.
Уве Веддиге
Фото: © KFM