Сау сиырлардың өсімталдығы жоғары болады, бірақ іс жүзінде көптеген факторлар табиғи гормоналды циклге әсер етеді, оны тежейді немесе тіпті тоқтатады.

Сиырдың жалпы физикалық жағдайы, азықтануы, энергиямен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі, күйзелісі және күтіп-бағу жағдайлары, сондай-ақ гигиена және денсаулық немесе ауру мәселелері малдың жеке өсімділігіне, демек, бүкіл табынға әсер етеді. Мал иесі ретінде сіз сиырларыңызға оңтайлы жағдай жасап, олардың өсімталдығына теріс әсерді азайта аласыз.

Сиырлардың өсімталдығына денсаулық жағдайы мен күйзеліс үлкен әсер етеді, әсіресе желіннің немесе жатырдың қабынуы маңызды рөл атқарады. Бұл ретте гормондар мен басқа да химиялық заттар бөлінеді, олар сиырдың урықтануына кедергі келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, бактериялық қабынулар токсиндердің пайда болуына әкеледі, олар да гормоналды тепе-теңдікті бұзады.

Сонымен қатар, сиырлардың күйзелісі олардың денсаулығы мен өсімталдығына да әсер етеді. Сондықтан сиыр қораларында мал кептеліп тұрмайтындай жеткілікті орын болуы керек, сиырларға ыңғайлатып астаулар орнатыңыздар, жануарлар стрессті сезінбеуі үшін тыныш, реттелген және біркелкі жағдайды қамтамасыз етіңіздер.

Мал өсіруші ретінде сіздер өзіңіздің шаруашылығыңыздағы сиырлардың өсімталдығына оң әсер ете аласыздар. Өсімталдыққа әсер ететін факторларды зерттеңіз және оларды үнемі жақсарту аясында жүйелі түрде жұмыс істеңіз.

Уве Веддиге

Фото: © KFM