Кез-келген сүт өндірушінің өз табынына көңілі толмаған күндері болады: сүт мөлшері рационға сәйкес келмейді, соматикалық жасушаларының саны тым көп, тұяқтардың денсаулығы нашар, ал қорада проблемалар көбейіп жатады.

Осындай төтенше жағдайда сіздер қандай да бір «ғажайып құралды» да қолданып көрген шығарсыздар, тіпті ол себептерін емес, симптомдарын жоюға бағытталған болса да.

Көптеген фермаларда азықтандыру туралы практикалық білім жетіспейді, сонымен қатар көбінесе үнемі білім жетілдіруге деген ұмтылыс жоқ. Тұяқ проблемалары, гипокальцемия және желін аурулары көбінесе азықтандырудағы қателіктердің салдарынан болады. Аурулар жұмыстың көбеюіне және ветеринарлық қызметтерге жұмсалатын шығындардың өсуіне әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар жұмысқа деген мотивация мен құлшынысты төмендетеді. Тек сау сиыр ғана сүт береді, және де адамға сау сиырмен жүмыс істеген ұнайды.

Ол үшін сіз рационыңыздағы қандай компонент қалай әсер ететінін және сиыр қорада не бір ауытқулар байқалса немесе азықты ауыстыру қажет болса, рационды қалай түзету керектігін білуіңіз керек. Дұрыс азықтандырудың әсері зор. Азық шығыны аз, малдың денсаулығы жақсы, өнімділігі жоғары, тұяқ аурулары аз, мал басы толық болса және еріксіз союға тұра келетін жағдайлар азайса, бұл бір сиырға шаққанда 20 000 (33 €) — 60 000 тенге (100 €) айырмашылық құрайды. Бұл шаруашылықтың дамуына жұмсауға болатын қаншалықты көп ақша жоғалатынын көрсетеді.

Сонымен қатар бұл цифрлар шаруашылық басшысы мал азықтандыру жөнінде практикалық терең білімге ие болған жағдайда ғана табыны тұрақты дами алатынын көрсетеді. Ондай білімді Google-дан да, Youtube-тен де таба алмайсыз.

Азықтандыруға күнделікті ықпал ететін және табындағы өзгерістерді тікелей бақылай алатын адамдарға азықтандыру туралы дұрыс қорытынды жасау үшін тиісті құралдар қажет.

Көптеген практикалық жаттығулары бар азықтандыру бойынша семинарларымыздың біріне қатысу үшін бізге хабарласыңыздар (байланыс: ainagul.ayaganova@dt.de).

Уве Веддиге

Фото: © KFM