Сауу залының көлемі мен жабдықталуына байланысты сауудың бір циклі әр жағына шаққанда 12-ден 15 минутқа дейін созылады. Сол сияқты, карусельде сағатына алты цикл болуы мүмкін. Егер процесс ұзаққа созылса, онда бұл сүттің баяу шығуына немесе дайындық және аяқтау жұмыстарына байланысты.
- Сауу аппаратын орнату: желінге қол тиген сәттен сауу аппаратын желінге орнатқанға дейін 60-90 секунд өтуі керек. Дайындық уақытының тым қысқа немесе тым ұзақ болуынан сүт шықпай, желін вакуумның әсерінен бос әуреге салынып зақымданады.
- Жұмыс процестерінің реттілігі: автоматтандырылған тазалау щеткаларын қолданған жақсы, сонда да бірінші сауылып алынатын сүт ағынын сауыншы өзі қарап қадағалауы керек.
- Гигиена және қорғау шаралары: саууға арналған қолғаптар микробтардан қорғайды! Желінді бір реттік майлықтармен немесе жақсылап жуылған шүберектермен тазалау керек. Әр сиырға бөлек таза шүберек пайдалану керек!
- Сауар алдында арнайы ерітіндіге батыру және аралық дезинфекция: лас емшектерді алдын ала дезинфекциялық көбікке батыру инфекция қаупін азайтуы мүмкін. Пероксид сірке қышқылымен аралық дезинфекция жасау сиырлармен байланысты патогендермен күресуге көмектеседі.
- Техникалық қолдау: автоматты түрде алдын ала ынталандыру және сауу техникасын тексеру сауу процесін оңтайландырады және оны тиімді етеді.
- Сауыншыларды оқыту: тұрақты тренингтер процестерді оңтайландыруға және проблемаларды ерте анықтауға көмектеседі.
Дұрыс сауу процесі туралы толығырақ ақпаратты «Сауу процесін бақылау,» «Калифорниялық тест,» «Желіннің денсаулығы«, «Желіннің тазалығын бақылау» және «Желінді тазалау» атты KFM жобасының жаднамалары мен бақылау парақтарынан таба аласыздар.
Уве Веддиге
Фото: Айналмалы щеткалар емшектерді тазалау ерітіндісінің көмегімен тазалайды. Одан кейін құрылғы емшектерді кептіреді. © Weddige