Әр қадам сайын тұяқтар қажалады, ал жұмсақ жерге басқанда тұяққа салмақ азая түседі — бірақ ол тек жайылымда болуы мүмкңн. Ал қорада ірі қара қатты бетон еденнің, кейбір қораларда жұмсақ резеңке еденнің үстімен жүреді. Жүргеден салмақ алдымен жұмсақ өкшеге, содан кейін сыртқы тұяқшаға түседі, одан кейін- ішкі тұяқшаға. Қатты еденде тұяқ тереңірек бата алмайды. «Тұяқтың ұшы қажалмай, өсіп кетеді, әсіресе артқы сыртқы тұяқшалар ұзарып кетеді,» — деп түсіндіреді Хольгер Пловка.
Германияның Феров қаласынан келген тұяқ күтімі бойынша маманы жақында Ақмола облысының тәжірибелі және әлі тәжірибесі жоқ тұяқ кесушілерін Мәншүк ауылының Ендала фермасында оқытты. Үш күндік оқудың қорытындысы бойынша 4 қатысушы және 9 қатысушы тұяқ кесуші сертификатын алды.
«Тұяқ проблемаларының көпшілігін мал қорасы нашар фермаларда байқаймын,» — дейді неміс сарапшысы өз тәжірибесіне сүйене отырып. Егер сиырдың тұруға, жайғасуға, жатуға орны аз болса, немесе қораның едені қатты, ылғалды, лас болса, мал ұзағырақ тұрады. «Бірақ ұзақ тұру — бұл тұяқтар үшін у мен тең, — деп атап өтті Пловка, — сондай-ақ скрепер жұмысындағы тым ұзақ үзілістердің салдарынан лас және дымқыл болатын аймақтар да тұяқтарға теріс әсер етеді.»
Уве Веддиге
Фото © KFM