Датчиктер бұзау денсаулығының нашарлануы туралы белгі береді -сиырларды күнделікті бақылау барысында тиімділігін дәлелдеген құрал енді ауруға бейім бұзауларды анықтауға ұсынылып отыр.
Жүйелер құралды бекіту орны (құлақ пен мойын), тіркелетін көрсеткіштері (тек қозғалыс белсенділігі немесе мысалы, азықтану және жатуына қарай жіктеу), пайдалану мерзімі (тек бұзау өсіру кезеңінде немесе өмір бойы) және сенсордағы жарықдиодты индикатор сияқты басқа сипаттамалар бойынша ерекшеленеді.
Көптеген пайдаланушылар сенсорларға әбден үйреніп кетті: олардың көмегімен ауру бұзауларды шамамен бір күн ерте анықтауға болады. Дәл осы уақытты үнемдеу пневмония сияқты ауруларға тез шара қолдану үшін өте құнды. Дегенмен, бұл үшін күніне үш рет сигнал тізімдерін тексеріп тұру керек.
Әсіресе, сүттен ірі азыққа ауысудың маңызды кезеңінде тіркелген күйіс қайыру белсенділігі азықтандыру қаншалықты сәйкес келетінін, басқа рационға ауысу қаншалықты күйзеліссіз өтіп жатқанын көрсетеді. CowManager-Youngstock жүйелері, Förster Technik GmbH Smart Neckband және sensehub® Dairy Youngstock компаниясының жарықдиодты шамы бар сырғаларын/биркаларын пайдаланушылар өте сенімді деп сипаттайды.
Уве Веддиге
Фото: Үлкен топтарда сенсорлар мұндай бұзауларды тез табуға көмектеседі. © Weddige