Төлдегеннен кейін сиырларда кетоз дами басталуы мұмкін. Жаңа төлдеген жануарларды тек бақылап тұру жеткіліксіз. Осындай жағдайларда өлшеу құралдары субклиникалық ауруларды анықтауға көмектеседі. Сиырда кетоздың болуын қан тамшысындағы кетон денелерінің деңгейін өлшеу арқылы анықтауға болады. 1,2 ммоль/л-ден (BHB) жоғары көрсеткіш субклиникалық кетозды, 3 ммоль/л-ден жоғары болса,  жіті кетозды білдіреді. Тест төлдегеннен кейіні үшінші-он екінші күннен кешіктірілмей жасалуы керек. Тестті әрдайым тәуліктің бір уақытында өткізген жөн. Кетозды болдырмаудың ең оңай жолы — суалған сиырлар менеджментін  жақсарту және қондылықтың (BCS)  онтайлы деңгейіде болуын қадағалау.

Емдеу үшін пропиленгликоль немесе глицерин қолданылады (80%). Сиырға жеткілікті әсер ету үшін кем дегенде 300-400 мл қажет. Тәжірибе көрсеткендей, төлдегеннен кейін көптеген сиырлар 20-80 литр су ішеді. Мұны міндетті түрде ескеру керек!

Уве Веддиге

Фото: Кетоз тестін жасау үшін құйрық көктамырынан қан аламыз. © KFM