Ең жақсы күтім шаралары — ұқыпты тазалау және мұқият кептіру. Тазалау және дезинфекциялау құралдарының шамадан тыс мөлшерде қолдануға болмайды және тазалау барысында су температурасы қалыпты диапазонда болуы керек.

Тазалаудан кейін саууын аппараттарын кептіру үшін ұстағыштардан шешіп алыңыз. Әйтпесе, олардың бас жағы кедір-бұдыр болып, кір, микроб және сүт қалдықтары жиналатын микро жарықтар пайда болады.

Сауу кезінде жырық және зақым келген жерлеріне назар аударыңыз. Иілгіштігінің төмендеуі тозудың белгісі болып табылады. Зақымдалмаған резеңке жақсы салынады, сиырлар біркелкі сауылады және бас жақтағы желдету тесігі ашық болады.

Өндірушінің ұсыныстарына сәйкес сауын резеңкелерін ауыстырып тұрыңыздар. Силиконнан жасалғандарын шамамен 5000 саууыннан кейін, резеңкеден немесе неопреннен жасалған мықтырақтарын шамамен 2500 сауыннан кейін ауыстыру керек.

KFM-дің «Сауын аппаратының резеңкелерін уақтылы ауыстыру» және «Сауын құрылғысын тазарту» туралы ақысыз жаднамаларын қараңыздар.

Уве Веддиге

Фото: © Веддиге