Сиырдың окситоцин шығару процесін ынталандыру үшін желінге қол тигені немесе сауу бөлмесіндегі бөгде дыбыстар жеткілікті болады. Бірақ сиырлар сүт бергісі келмесе ше? Бұл жағдайда окситоцин егу қажет пе?
Әсіресе бірінші рет бұзаулаған мал бейтаныс ортадан, шудан, иістерден, сондай-ақ сауыншының қолы тиюінен туындайтын стресстен зардап шегеді. Бұл сауыншы үшін жарақат алу қаупін тудырып қана қоймайды, сонымен қатар сүттің шығуын тежейді. Көбінесе мұндай жағдайларда окситоцин инъекциясын қолданады.
Бірақ басқа да жол бар. Тот баспайтын болаттан жасалған «BlowFixx» зондының көмегімен қынапқа ауа жіберуге болады. Сауу роботында, қорада немесе сауу бөлмесінде пайдалану үшін түзу және бүгілген модельдер бар. Аралық элемент ретінде кері клапаны бар силикон шлангісі пайдаланылады, бұл үрленген ауаны кері жібермейді.
KFM ұжымының тәжірибесі бойынша бұл әдісті сауу кезінде төрт-алты рет қолдану керек. Рефлекс әсері 5-8 минутқа созылады.
Ауаны үрлеп жіберу бұзауларын емгізбейтін сиырларға немесе маститпен ауыратын жануарларға да көмектесе алады. Табиғи жолмен өндірілген окситоцин ауру сиырдың желіні толығымен босатылуына ықпал етеді, бұл саууғу процесін ынталандырады.
Назар аударыңыздар! Сауын сиырларға бұл әдісті тұра сауу алдында немесе сауғаннан кейін қолданған дұрыс, өйткені окситоцин ықпалынан сүт дереу бөліне бастайды.
Осыған қатысты KFM жобасының «Окситоциннің орнына BlowFixx» атты тегін жадынамасын оқыңыздар.
Уве Веддиге
Фото: Ауа қынапқа зонд арқылы жіберіледі. Бұл сиырдың сүт беруі үшін қажет окситоциннің бөлінуіне түрткі болады. © KFM