Көптеген фермерлер өз шаруашылықтарында төл өндіруді өздері ұйымдастырғысы келеді. Алайда, көбінесе оларда теориялық және, ең алдымен, практикалық білім жетіспейді және сәтті ұрықтандыру бойынша олардың дағдылары аз.

Херман-Йозеф Шмидт, ірі қара малды ұрықтандыру бойынша ең тәжірибелі неміс жаттықтырушыларының бірі, бұл күндері Аркабайдағы «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығында KFM жобасының мастер-тренерлерін оқытуда. Өсімталдықты басқару мен бақылаудың теориялық негіздерінен, сондай-ақ күйлеу белгілерін анықтау және ұрықпен жұмыс істеу жаттығуларынан басқа, оқыту, әрине, ұрықтандыру процесінің өзіне бағытталған.

Теориядан кейін жаттығулар басталады, ол үшін ұрықтандыру сабақтарына арналған Қазақстандағы жалғыз сиыр макеті қолданылады. «Осылайша, әрбір қатысушы жатырдың құрылымы мен ұрықтандыру процесін үйреніп алады», — деп түсіндіреді Вердендегі/Аллердегі Maстерринд компаниясының 58 жастағы ұрықтандыру бойынша оқыту және біліктілікті арттыру сарапшысы. «Бұл жаттығуларды қатысушылар қалағанынша қайталап жасай алады, одан кейін қорадағы тірі жануарлармен жүмыс істеп дағдыларын жетілдіре алады», — деп қосады Уве Веддиге.

Уве Веддиге

Фото: © KFM