Соматикалық жасушалардың саны-бұл сүтті сиырлардың желінінің денсаулығының көрсеткіші. Соматикалық жасушалар қабыну процестері кезінде көбееді және сүтке енеді. Егер бұл көрсеткіш 100 000 /мл  төмен болса, сиырлар желіні сау деп саналады. 150 000 /мл асатын көрсеткіші бар бар сиырлардың табындағы үлесі 20% — дан аспауы керек. Лас бокстар, ыстық, тұяқ аурулары немесе дәрежелік соқтығысулар сияқты стресстік факторлар дененің иммунитетіне ауыртпалық түсіреді. Дегенмен, азықтандырудың соматикалық жасушалар санына әсері көбінесе жете бағаланбайды: нашар сүрлем олардың көбеюіне ықпал етеді. Сүрлемді үнемі тексеру табынның денсаулығы үшін өте маңызды!

Міне, соматикалық жасушалардың санын азайтуға және жануарларды ұстау жағдайларын жақсартуға көмектесетін қысқаша бақылау тізімі:

  • Қорадағы ауаның сапасын тексеріңіз (назар аударыңыз: өтпе жел болмауы керек)
  • Жылулық стрессін болдырмауға тырысыңыз (ауа ағынымен және су бүркіп салқындату)
  • Жүру қауіпсіздігін (тайғақ, тар жерлер) қамтамасыз ету және тұяқтар денсаулығы
  • Корада малдың саны тым көп болмауы керек, мал шоғырланып тұрмасын
  • Сауу техникасы мен сауу процесін үнемі тексеріп отырыңыздар
  • Рацион құрайтын бөліктердің сапасын тексеріп, олардың жеткілікті мөлшерде бар болуын қадағалаңыздар

Сүрлем сапасының нашар болғаны көбінесе соматикалық жасушалардың көбейуіне себеп болады! Азық жинау келесі жылы рационды сәтті құрудың негізін қалайды. Дайындалған азықтың сапасы жануарлардың денсаулығына, сондай-ақ өндірілген сүттің сапасы мен мөлшеріне тікелей әсер етеді. Бірақ егін жинағаннан кейін де сүрлем траншеяда және астауда қызуы мүмкін. Әсіресе жазда бұл азықтың бұзылуына және соның салдарынан оның дәмінің нашарлауына әкеледі. Мұндай бұзылған сүрлем берілгенде малдың азық тұтынуы төменедейді. Бұл кетоз, ацидоз немесе гипокальциемия сияқты классикалық метаболикалық ауруларға әкеледі.

Сізге сүрлемді тексеру керек пе? Онда бізге осы телефон арқылы хабарласыңыз: +7 775 499 9411 (Бақдәулет Тұрсынбай).

Уве Веддиге

Фото: Азық компоненттерінің сапасы нашарламауы үшін сүрлемді қопсытпай, түп-түзу кесіп  алыңыздар! © KFM