TMR мен бірге минералды азық беру үшін оның біркелкі үлестірілгені маңызды. Сондай-ақ, азық бөлшектері бір-біріне жабысып, сиырлар оны сұрыптай алмайтындай оны жеткілікті тұрде  ылғалдандыру керек. Қымбат минералды азықты араластыру көбінесе оның аз мөлшеріне байланысты қиын болады. Осыған байланысты азықтандыру менеджменті бойынша келесі кеңестерімізді ұсынамыз:

  • Сақтау: минералды азық ылғал тартады, сондықтан оны құрғақ жерде сақтау керек. Оны қапта сақтау ұсынылады, үлкен биг бэг қаптарын тек ірі фермаларда қолданған дұрыс.
  • Араластыру барысындағы дәлдік: ең оңай жолы — жүгері сүрлемі салынған шөмішке минералды азықты салып, бәрін бірге азық араластырғышқа салу. Тиісті мөлшердегі минералды азық қаптарын қолдану оңай, оларды толығымен төгуге болады.
  • Суалған сиырлар: жарамсыз минералды азық көбінесе гипокальциемия тудырады. Мұнда катион-анион балансын дәл есептеу (DCAB) және дұрыс мөлшерлеу қажет! Егер проблемалар жиі туындаса, DCAB/ катион-анион балансы, калий және кальций бойынша суалған сиырлардың рационын талдау керек.

Минералды қосымша беру барысындағы әдеттегі қателіктер мен олардың салдары: араластыру барысында дәл өлшемеу, сиырлардың азықты теріп жеуі, рационды дұрыс есептемеу немесе ірі азықты талдамау. Минералдармен нақты қамтамасыз етілуін проблемалар туындаған кезде ғана емес, жүйелі түрде тексеріп тұру керек.

Уве Веддиге

Фото:  Араластырғышта ірі азыққа қосылған минералды азық © KFM