Сүтпен азықтандыру кезеңінде бұзаулар сұйықтыққа деген қажеттіліктерін тек сүт арқылы қанағаттандыра алмайды. Бұл мөлшерлеп азықтандыруға да, еркін, тойғанынша азықтандыруға да қатысты. Оларға месқарын мен ішектің дамуы үшін қосымша су қажет.
Өмірдің алғашқы 16 күнінде бұзаулар күніне орта есеппен 0,75 литр су ішеді. Осы кезеңде су ішпеген бұзаулармен салыстырғанда, мұндай жануарлар күніне көбірек сүт тұтынады және олардың дене салмағы артады. Бұдан бөлек, сүттен шығарылғанға дейін олар биіктігі мен дененің ұзындығы бойынша үлкендеу болады, сонымен қатар оларда жасұнық жақсы сіңіріледі және жемнің сіңімділігі артады. Стартерді бірдей мөлшерде бергеннің өзінде су ішіп өскен бес айлық бұзаулардың дене салмағы алғашында су ішпей өскен бұзаулардан 13 кг артық болады.
Судың ас қорыту мүшелеріне оң әсері оны өмірдің бірінші күнінен бастап беруімен ғана байланысты емес: бұзаулар шелектен немесе ыдыстан суды еркін ішуі керек. Емізік арқылы ішілген сүт өңеш рефлексі арқылы месқарынға бармай, ұлтабарға өтсе, су месқарынға баруы керек. Ол үшін бұзаулардың басын төмен ұстап ыдыстан немесе шелектен ішкені маңызды. Месқарында су микроорганизмдердің көбеюіне ықпал етеді. Біз бұзауларға өмірдің бірінші күнінен бастап күн сайын су берілуін қамтамасыз етуге кеңес береміз. Бұл олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады және дамуларына ықпал етеді. Осылай біраз қосымша еңбек арқылы нақты өлшеніле алатын жақсы жетістіктерге жетуге болатынына біз өз тәжірибемізде көз жеткізгенбіз. Осы ақпаратқа қосымша ретінде KFM жобамыздың тегін «Бұзау азықтандыру жобалары» жаднамасын қараңыздар.
Уве Веддиге
Фото: Бұл бұзауда бәрі бар: арнайы емізікті шелек, ыдыста мюслиі, шелекте жеткілікті суы © Веддиге