Сүт зауыттары жоғары сапалы сүтті қажет етеді, сондықтан сиырлар сау және сауу қондырғылары мұқият тазаланып, дезинфекцияланған болуы керек.
Жеткілікті деңгейде тазарту үшін сүт құбырлары мен сауу машиналарында су мен жуғыш ерітінділер жеткілікті уақыт бойы әсер етуі керек; негізгі тазарту процесі, егер кері ағын судың температурасы кемінде 40° C болса, шамамен 15-20 минут уақыт алады.
Қажетті нәтижеге тек сапалы сілтілі және қышқылды тазартқыштарды кезектесіп қолдану арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сілтілі жуу ерітіндісі сүт майын, ақуыздарды ерітсе, қышқыл жуу ерітіндісі минералды шөгінділерді кетіреді.
Бактериялар мөлшерінің көбею көбінесе фермерлердің кеңес алуына себеп болады. Сонда көп жағдайларда сауын машинасының резеңкелері мен шлангтардың жүйелі түрде ауыстырылмағандығы анықталып жатады. Микроорганизмдер резеңке бетіндегі жарықшақтарда орналасады. Сонымен қатар жеткілікті температура мен жуғыш ерітіндінің қажетті концентрациясы сақталмайтыны да жиі кездеседі. Бұл қателерді көбінесе қарапайым өлшеу құралдарымен тез анықтауға болады.
Сауу қондырғыларының тазарту жүйесі жақсы жұмыс істеп тұрса, бактериялардың мөлшері төмендей түседі. Дегенмен, саууға дейін, сауу кезінде және одан кейін де гигиена сақтау маңызды. Сүтті басында біраз сауып алмаса, емшектер мен желінді мұқият тазаламаса, сондай-ақ бокстар мен сиырлар өтетін жолдар таза болмаса, жоғары сапалы сүт алу мүмкін емес. Қондырғыларды тазалау туралы толығырақ біздің «Сауу қондырғыларын тазарту» жадынамамыздан біле аласыздар.
Уве Веддиге
Фото: KFM