Теориялық білімнен басқа, ауыл шаруашылығы мамандары кең практикалық дағдыларға ие болуы керек. Бұған бұзаулардың мүйізін күйдіру сияқты жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы білім де кіреді. Оны үйрену үшін жасайтын тиісті жаттығулар әрқашан жануарлар мен адамдардың жарақат алу қаупіне байланысты ерекше проблема болып табылады. Сондықтан, Хаус Дюсстегі ғылыми-зерттеу және оқыту орталығында цифрлық қолдауы бар үлгі/симулятор әзірленді, оның көмегімен болашақ мамандарға мүйіз күйдіруді бұзауларды қинамай ұлгімен/симулятормен жаттығу жасап қауіпсіз түрде үйрете алады.
Бастапқыда теориялық материал әртүрлі сандық құралдар қолдану арқылы оқытылады. Планшеттердің көмегімен оқушылар планшетте кеңейтілген шындықта (AR) қимылдайды. Кейінірек олар «point & click» көмегімен кеңістікті шарлау кезінде қосымша оқу материалын зерттеу үшін виртуалды шындық көзілдірігі мен 360° бейнені пайдаланады.
Содан кейін білім алушылар алған білімдерін үш блоктан тұратын үлгіде пысықтайды: бас моделі, демонстрациялық құрал және визуализация блогы. Мүйіз күйдіру кезіндегі қимыл ретін модельдің басындағы демонстрациялық құрал көмегімен жасауға болады. Бейнелеу блогы кері байланысты қамтамасыз етеді және қимылдарды реттейді. Қажетті қозғалыстар графикалық түрде көрсетіледі, бағдаршам жүйесі қолданылады. Осылайша, мамандар нұсқаушының қатысуымен қолдың дұрыс қимылдары мен қозғалыс тізбегін үйренеді. Оларды студент меңгергенше қайталауға болады.
Бұл әдіс мамандарға өз бетінше материалдық және кәсіби білім алуға және алған дағдыларын нақты практикалық жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді.
Солтүстік Рейн-Вестфалия Ауыл шаруашылығы палатасы, өңдеген Уве Веддиге
Сурет: LWK NRW