Сиыр қорасы қаншалықты таза болса да, кез келген фермада сауу алдында желінді тазаламай жұмыс бастау мүмкін емес. Қағаз майлықтарын пайдалану тазалау жұмыстарын үнемдейді. Алайда, желіндер тым лас болған жағдайда олардың пайдасы шамалы. Мақта немесе микроталшықты майлықтардың тазарту әсері қағаз майлықтарға қарағанда әлдеқайда жақсы. Сонымен қатар көптеген сауыншылардың пікірінше осындай майлықтар желінге де, қолға да жайлы.
Алайда гигиенаны сақтау керек:
- кір жуғыш машинаны тазартатын құралмен машинаны ай сайын тазалаңыздар,
- бактериялық жүктемені тексеру үшін жуылған майлықтарды үнемі бактериологиялық талдаудан өткізу керек,
- толық жүктелген кір жуғыш машиналарда тазарту әсері өзара үйкеліс арқылы жоғары болады,
- кір жуғыш машинадағы талшық сүзгісін үнемі тазалап тұрыңыздар және
- жуу үшін пайдаланатын судың сапасына назар аударыңыздар.
Желін майлықтарын 60 °C температурада дезинфекциялық жуғыш заттармен жуып, 90 °C температурада қайнатыңыздар немесе ыстық ауамен құрғатыңыздар. Дегенмен, дезинфекциялық жуғыш заттарды немесе кептіргіштерді пайдаланған кезде көптеген микроталшықты майлықтардың қолдану мерзімі қысқарады.
Назар аударыңыздар: әр сиыр үшін бөлек майлық қолданылуы керек, әйтпесе субклиникалық мастит қаупі айтарлықтай артады!
Уве Веддиге
Фото: KFM