Құрметті достар және KFM жобасының ұйымдастырушылары, бұл жыл біз үшін шараларға толы жыл болды — жобаның бірінші кезеңінің аяқтап, екінші кезеңіне көштік. Осы қол жеткізген жетістіктеріміз бен алдағы 2024 жылда келер мүмкіндіктер үшін РАХМЕТ деп, сіздерге алғыс айту бізге маңызды. Барлық пилоттық шаруашылықтарға, әріптестік ұйымдар мен жобаларға, Астана мен Берлиндегі екі ауыл шаруашылығы министрлігіне, сондай-ақ бізді әрқашан қолдап келген сүт шаруашылығы секторының көптеген сарапшыларына ерекше алғысымызды білдіреміз. Біздің барлығымызды құзыреттілік орталығын құру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.
Наурыз айында мастер-тренерларды дайындау мен біздің кеңесшілерді оқытудың өзі келесі бірінші жылы көп күш салуды талап етеді. Бұл елдің оңтүстігіндегі жаңа пилоттық шаруашылықтарды анықтауға да, шағын және ұсақ шаруашылықтарды қолдау мен елдің солтүстігіндегі пилоттық шаруашылықтарға да кеңес берудің жалғастырылуына қатысты. 2024 жылы алда кездесетін мәселелерді шешуде сіздердің қолдауларыңызға үміттенеміз. Сіздерге 2024 жылда сәттілік, денсаулық пен бақыт тілейміз.
Сіздердің KFM ұжымыңыз